ШҰҒЫЛ! Астананың 20 жылдығына орай облыста 1500 іс-шара өтеді Толығырақ

Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі артқан

20:46, 13 қараша 2017

Өз кәсібін ашып, тұрмысымды түзеймін деген кісіге елімізде қолдау зор. Мемлекет оларға бар жағдайды жасауда. Біздің де өңірімізде мыңдаған адам осы мүмкіндікті пайдаланып, кәсіпкер атанды. Табысқа кенеліп, шаруаларын ширатқандары әлеуметтік салаға жәрдемдесіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созуда. Облыста басталған «Атамекенiм» акциясы аясында бірқатар науқас балалар көмекке ие болды.

Әділбек 1 жаста. Бүлдіршіннің қолы мен  аяқ қоғалысысында ақау бар. Дене мүшелері дұрыс дамымай қалған. Медициналық тілмен айтқанда оған тетрапарез диагнозы  қойылды. Челябінің медициналық орталығында жүргізілген оңалту  нәтижесін берді. Науқас бала  өзін жақсы сезіне бастады.  Дегенмен, сал ауруына шалдығу қаупі әлі бар. Жақында Әділбекке кезекті кешенді ем – дом жасату керек. Бірақ, көрші елде  мұндай процедураның құны жарты млн теңгедей тұрады. Әділбектің анасы Айжан Мырзахмедова мейрімді жандардың көмегіне жүгінді.  

Айжан үшін баласының тез сауығып кетуінен басқа  арман жоқ. Қиыныққа тап болғанда меріміділік танытқан жомарт жандарға тек сансыз алғысын білдіруде. Айта кетейік, қайырымды істер «Атамекенiм»  акциясы аясында іске асырылуда. Жобаның бастамашысы- Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Ресейлік дәрігерлер Әділбектің дерттен құлан таза айығып кететінін айтады. Алайда, ол үшін оңалту шараларын уақытылы жасап отыру қажет. Ал мұндай емдік шарасы ақылы. Көп түкірсе көл болады. «Атамекенiм»  акциясының мақсаты - жәрдемге мұқтаж жандарға  көмек  көрсету, кәсіпкерлердің әлеуметті кжауапкершілігін арттыру.

Тақырып бойынша материалдар

Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың халыққа есеп беру кездесуі
16:02, 22 ақпан 2018
Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың халыққа есеп бер...
Толығырақ...
«Ақпарат саласының саңлағы» атты кездесу өткізілді
16:00, 15 ақпан 2018
«Ақпарат саласының саңлағы» атты кездесу өткізілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың халыққа есеп беру кездесуі
16:02, 22 ақпан 2018
Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың халыққа есеп бер...
Толығырақ...
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы бекітілді
12:00, 20 ақпан 2018
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы бекітілді
Толығырақ...