ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

КӘРІЗ ҚҰДЫҚТАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ АРТПАҚ

20:11, 16 қаңтар 2020

Қостанайда кәріз құдықтарының қауіпсіздігі арта түспек. Бұл – оқыс оқиғаға тап болу фактілерінің көбеюіне байланысты шығарылған шешім. Сақтық іс-шаралары, ең алдымен, мектептер мен балабақшалар аумағында жүргізіледі. Енді №23-ші орта мектеп оқушыларының ата-аналары балалар үшін алаңдамайтын болды. Өйткені, аталмыш оқу ордасы маңайында кәріз құдықтарының қауіпсіздігі тиімді тәсіл арқылы күшейтіліп отыр.

Кәріз құдықтарының қақпағы біреулер үшін оңай олжа көзіне, енді біреулер үшін ажал апанына айналған. Үңірейген құдықтар қостанайлықтардың үрейін ұшыруда. Себебі, ата-аналар балалары үшін алаңдайды. Оған дәлел – осы айдың басында әлеуметтік желіге жүктелген оқыс оқиға көріністері. Бір бала абайсызда ашық қалған құдыққа түсіп кетіп, опат бола жаздаған. Осыған байланысты, коммуналшылар қауіпті сейілту мақсатында тың тәсіл қолдануға көшкен.

Қазіргі таңда Қостанай қаласы аумағында 2138 кәріз құдығы бар. Олардың 138-і қауіпсіз саналатын аумақтарда орналасқан, сондықтан, торлаудың қажеті шамалы. Ал, екі мың құдықтың бетін жыл соңына дейін қақпақ орынына темір тормен қымтау көзделуде.   

Коммуналдық компания өкілдерінің шешімі бойынша, бірінші кезекте, құдықтарға тор орнату шаралары мектептер мен балабақшалар аумағында жүргізіледі. Осы күні ондай нысандардың жалпы саны - 85. Сондан соң, сақтық шаралары адам қарасы көп жиналатын саябақтар мен демалыс алаңдарында жүзеге асырылады. 

Тақырып бойынша материалдар

«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА
20:30, 7 шілде 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ ОНЛАЙН ФОРМАТТА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
22:10, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...