ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ

20:31, 27 ақпан 2020

Қостанай қаласында аз қамтылған отбасыларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріле бастады. Бұл жәрдем балабақша жасындағы балаларды азық-түлікпен және тұрмыстық химия тауарларымен қамтамасыз етеді. Осы мақсатта қаладағы супермаркет желісімен келісім жасалған болатын. Қостанай қаласында әлеуметтік көмектің осы түрін алушылар саны 891 баланы құрайды.

Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына биыл алғашқы кепілдендірілген әлеуметтік пакет жиналып  жатыр. Жәшіктердегі азық-түлік жиынтығы балалардың жас санатына байланысты салынған. Физиологиялық ерекшеліктері, тамақ өнімдерінің  энергетикалық құндылығы мен  пайдалану нормалары ескерілген. Азық түлік өнімдері айына 1 рет, ал химиялық заттар жиынтығы тоқсан сайын  беріледі.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет алғаш болып Гүлмира Бекжанованың үйіне жеткізілді.  Ботқа, жарма, сүт, езбе, печенье сияқты  дәруменге толы өнімдер көп көмек болғанын айтады көп балалы ана. Енді азық- түлік жиынтықтары мен гигиеналық құралдарды сатып алуда  еш шығындалмайтын  болды. 

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет атаулы әлеуметтік көмек  алатын отбасыларға ғана беріледі.  Ал егер еңбекке қабілетті азамат жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда бүкіл отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылады.

Қостанай қаласында  әлеуметтік жәрдемнің осы түрін алушылар саны  891 баланы құрайды. Оның ішінде 484- і 1-3 жасқа дейінгі, 407 бала 3-6 жасқа дейінгі балалар.    Қаладағы супермаркет желілерімен  азық- түлік жиынтықтары мен гигиеналық құралдарды  жеткізу бойынша келісім  шарт жасалды. Наурыз айының 10- на дейін бекітілген тізімдегі барлық отбасыларға  кепілдендірілген әлеуметтік пакет жеткізілмек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар