ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

КЕҢЕС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

20:05, 5 ақпан 2020

Қостанайда «Кеңес орталығы» ашылды. Онда тұрғындар әлеуметтік, тұрмыстық мәселелер бойынша сауалдарына тегін жауап ала алады. Орталық ашылған алғашқы күні көпшілік тұрғын үй бағдарламасы, жұмыспен қамту, медициналық сақтандыру жөнінде білгісі келген. Ұйымдастырушылар сұраныс болса, мұндай кеңес алаңы қаланың басқа да сауда орталықтарында ашылады деп отыр.

Жандарбек Сұлтанханов қаладан өзіне лайықты жұмыс іздеп жүрген жастардың бірі. Бүгін ол кеңес беру орталығында мамандардан кеңес алып, өзіне деген сенімі де арта түскенін айтады.  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде «Халыққа көмек» жобасын жүзеге асыруды тапсырған. Қазір осы жоба аясында Қазақстанның түкпір-түкпір кеңес орталықтары ашылып жатыр.

Ұйымдастырушылар кеңес орталығына сұраныс болса, басқа да орындардан ашылады деп отыр. Басты мақсат – халыққа жақындау, елдің кәдесіне жарау.

Кеңес орталығы күндізгі сағат 11-ден кешкі 4-ке дейін жұмыс істейді. Бұл жерде тұрғындар сұрағына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, әлеуметтік сала мамандары  жауап береді. Алғашқы күні орталыққа кеңес сұрай келгендердің саны 30-ға жуықтады.

 

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...