ШҰҒЫЛ! Жемқорлық фактілері азайған Толығырақ

«Кейкі батыр ізімен» экспедициясы басталды

18:36, 12 шілде 2017

Облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен «Нұршаңырақ» қоғамдық қоры «Ұлы дала тұлғалары» атты ауқымды жоба аясында «Кейкі батыр ізімен» деп аталатын кезекті ғылыми-зерттеу экспедициясын бастады. Тарихи тағылымы мол шара қай жерлерде, қандай мақсатта іске асатындығы туралы толығырақ өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды.

Төл тарихымыздың төрінен ойып тұрып орын алар тау тұлғалар жетерлік. Солардың бірі – кешегі ұлт-азаттық көтерілістің белді мүшесі Кейкі батыр. Бабамыздың бас сүйегі елге оралысымен, Отан көлемінде орасан зор іс-шаралар қолға алына бастады. Тамыры тереңде жатқан тарихымызды тануға, тіпті, Мажарстаннан мамандар кеп қарт Торғай төсінде ғылыми зерттеулерін жүргізгенде, іргеде жатып іркіліп қалу - азаматтығымызға сын, перзенттік парызымызға нұқсан келтіреді дейді экспедиция мүшелері.

Жалпы, Жангелдин және Амангелді аудандарында жүргізілер ғылыми экспедицияға 20-ға жуық адам жұмылдырылған. Олардың сегізі облыс орталығынан болса, қалғандары -  оңтүстік өңірлердің өлкетанушылары мен тарихшылары. Олар 16-шы жылғы ұлт-азаттық көтерліс оқиғалары көрініс тапқан жерлерге барып, тарихи тұлғаларға тағзым етіп, тың дерек  тереді.

5 күнге ұласатын ұлағатты шарада ұлы дала тұлғалары ұлықталады, ұлттық сипатқа ие құндылықтар үгіттеледі. Экспедиция мүшелері елді мекен тұрғындарымен кездесіп, елім деп ет-жүрегі езілген ерлердің ерліктерін жастар арасында насихаттайды. Көне жәдігерлерді жаңғыртып, тұрғындардың тарихи жадына тың серпін береді. Осылайша, Кейкі батыр ізімен жүріп, аңыз бен ақиқаттың аражігін ажыратады. 

Тақырып бойынша материалдар

Әскерилер тілдер мерекесін атап өтті
13:26, 22 қыркүйек 2017
Әскерилер тілдер мерекесін атап өтті
Толығырақ...
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
16:06, 21 қыркүйек 2017
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
Толығырақ...
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
18:31, 20 қыркүйек 2017
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі  (толық нұсқа)
18:06, 18 қыркүйек 2017
Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі (толық нұсқа)
Толығырақ...
Аналар күніне арналған мерекелік шара
18:32, 18 қыркүйек 2017
Аналар күніне арналған мерекелік шара
Толығырақ...
Білім ошақтарындағы өрт қауіпсіздігі тексерілді
18:26, 18 қыркүйек 2017
Білім ошақтарындағы өрт қауіпсіздігі тексерілді
Толығырақ...