ШҰҒЫЛ! ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН! «ҮЗДІК ТАУАР» ӨҢІРЛІК БАЙҚАУЫ ӨТТІ

20:54, 5 шілде 2019

«Қазақстанның үздік тауары». Бүгін Қостанай қаласында осындай атаумен дәстүрге айналған өңірлік байқау - көрме өтті. Мәртебесі жоғары іс - шара ерекше форматта ұйымдастырылды. Тұтынушылар жергілікті кәсіпорындар шығарған өнімдермен танысып қана қоймай, тауарларды қолайлы бағаға сатып алу мүмкіндігіне ие боды.

Өз ісінде ең үздіктерін анықтайтын көрмеге өңіріміздегі 36  кәсіпорын қатысты. Олар бәсекеге қабілетті бизнес құрып,  тұтынушы сенімін жаулап алған.  Дәстүрге айналған «Үздік тауар» байқауы өндірістік бағыттағы, халық тұтынатын және үздік азық- түлік тауары сияқты номинацияларды қамтиды. Өнім сапасы- іскер жандарға қойылған  басты талап. 

Былтыр ғана іске қосылған Торғай ет комбинатының өнімдерін көрші облыс  ел тұрғындары  да тұтынып жүр. Сапасын да жоғары бағалайды.  Отандық брендті дамытуға үлес қосып жүрген  іргелі   кәсіпорын   «Үздік тауар» байқауына  қатысу- Қазақстаннан тысқары аумақтарға да  танымал болуына мүмкіндік береді дегенді алға тартады. 

Шараның көздегені - еліміздегі өндіріс сапасы мен  отандық үлесті арттыру.  «Науырзым ауданында ашылған «үкі көз» кәсіпорны  бүгінде қазақтың көне тұрмыстық ыдыстарын ағаштан жасауды дұрыс жолға қойып отыр. Ұлттық нақыштағы астаулар, табақтарға тапсырыс көп түседі тұрғындардан.   Бүгінде дастарханның сәніне айналған дейді іскер жан.

«Үздік тауар» атты өңірлік байқауға қатысушылардың  қатары биыл көбейгеніп атап кеткен жөн. Ол да түсінікті. Облысымызда түрлі өндірістік кәсіпорындар ашылып, өнім сапасы артып келеді.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ
20:32, 22 шілде 2019
ӘЛ-ФАРАБИ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ 2 АЙҒА ТОҚТАТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
20:35, 18 шілде 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚТАРДЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАРЫЗЫ ӨСКЕН
Толығырақ...