
Қазақстандық мазмұнды арттыру – жалпыға ортақ міндет. Бұл ретте, өңірдегі ірі кәсіпорындар үлкен белсенділік танытуда. Әсіресе, тамақ өнеркәсібіндегі көрсеткіш көңілге қонымды. Отандық кондитер өнімдерін өндіруде «Баян-Сұлу» акционерлік қоғамының орны ерекше. Қазіргі таңда тәттінің түр-түрін шығаратын фабриканың ел экономикасындағы үлесі зор, экспорттау бағытында бірқатар мемлекеттермен әріптестік қарым-қатынасты нығайта түскен.