ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДА ЕРІКТІЛЕР САНЫ 100 МЫҢҒА ЖЕТПЕК

20:05, 13 ақпан 2020

Волонтерлар жылы аясында елімізде ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында еріктілердің қатысуымен өткен форум барысында айтылды. Алқалы жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген жас қатысты. Оның ішінде Қостанай облысының белсенді жастары да бар. Жалпы, волонтерлық қызметті жаңа деңгейге шығару бағытында өңірлік жастар ресурстық орталығының жоспары ауқымды.

12 ақпанда Нұр - Сұлтан қаласында  өткен ауқымды жиын барысында «BIRGEMIZ» республикалық фронт-офисынің ашылу салтанаты болды. Оған мемлекет басшысы Қасым Жомар Тоқаев қатысқан болатын. «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» 7 салалық бағыттары бойынша алаң таныстырылды. Қоғамдық істерге құлшына кірісетін қазақстандық қыз- жігіттердің нақты  мәселелерді шешудегі талпынысын  қолдау үшін қаржыландыру тетіктері қарастырылған. 

Өңірлік жастар ресурстық орталығы жанынан ашылған «Лига добра» штабында  бір мыңнан аса  волонтер тіркелген.  Экология, қайырымдылық іс шаралар  бағытында еріктілер жұмысы айқындалған. Мұнда волонтерлар қозғалысының жұмысын жүйелендіру, белсенділігін арттыру жұмыстарына басымдық берілген. 

Еріктілер жылы аясында  жастарды қоғамға қызмет жасауға, өзге де рухани ізгі қасиеттерге тәрбиелеуге ден қойылмақ. Бүгінгі күні елімізде 200 волонтерлық ұйым бар. Болашақта волонтерлардың санын 100 мыңға жеткізу межеленген.

Тақырып бойынша материалдар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
22:10, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...
1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
20:30, 1 шілде 2020
1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ...
Толығырақ...
ЕМХАНАЛАР ЖОСПАРЛЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРАЛАРЫН УАҚЫТША ТОҚТАТТЫ
20:30, 1 шілде 2020
ЕМХАНАЛАР ЖОСПАРЛЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРАЛАРЫН УАҚЫТША ТОҚТАТТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨРКЕЙТУДЕ
20:30, 26 маусым 2020
«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨРКЕЙТУДЕ
Толығырақ...