ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН – РЕСЕЙ: ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

20:56, 5 қыркүйек 2019

Жастар жылына орай Лисаков қаласында «Болашаққа қадам» атты жастар форумы өтті. Мемлекетіміздің дамуына үлес қосып жүрген кейінгі толқын өкілдері маңызды мәселелерді ортаға салды. Шараға көршілес Ресей елінің өкілдері де қатысты. Тараптар бірқатар тың жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі екендіктерін жеткізді.

Биыл жастар үшін айрықша мәнге ие. Жастардың бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік  мол. Қолдау зор. Елбасы қашанда студенттердің жағдайын жақсартуға көп көңіл бөлген. Мансап, жоғары табыс. Бұның бәрі адамның тікелей өзіне байланысты. Ұмтылыс бар жерде, ұтылыс болмайды. Форумға қатысушылардың пікірі осыған саяды.

Қазір жастардың жағдайын жақсартатын мемлекеттік бағдарламалар көп. «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен – ауылға», «Жасыл ел»,  жастар корпусын дамытуға арналған дүниежүзілік грант жобалары мен «Болашақ» бағдарламасын айрықша атауға болады. Форумды өткізудегі негізгі мақсат Нұрсұлтан секілді кәсіп етуге ниетті жастарға жол көрсету, бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндіру.

Форумға өңірімізден басқа, көршілес Ресей елінен шекаралас облыстарынан белсенді жастар келді. Жастардың басын қосқан жиында Лисаков қаласының әкімі Алмат Исмағұлов та қатысты. Ол  жастарға елдің дамуы үшін аянбай еңбек ету керек деді.

Елбасы және Президент еліміздің ертеңі есептелетін жастардың тың идеяларын қолдау мақсатында олардың жағдайын жақсарту үшін Үкіметке бірқатар нақты тапсырма жүктеді. Атап айтсақ, кейінгі буын өкілдерін баспанамен қамту, оларды жұмысқа орналастыру, бизнестеріне жол ашу сияқты салмақты бағдарламаларды жетілдіріп, бөлінетін қаражат көлемін ұлғайтуды тапсырды. Және ол тапсырмалар орындалып жатыр.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...