ШҰҒЫЛ! АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ! Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА 3 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

20:40, 23 мамыр 2019

Бүгінгі бастама – ертеңгі нәтиже. Мамыр айының 20-сы мен 21 – і аралығында Қостанайда өткен Қазақстан-Ресей халықаралық жастар форумында тың идеялар ұсынылып, маңызды келісімдерге қол қойылды. Форум аясында және де жастарға қызмет көрсету орталығының жұмысы таныстырылды. Бұнда кейінгі толқын өкілдеріне құқықтық көмек, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, бизнес бастамаларына қолдау көрсету сияқты бірнеше қызмет тұрі ұсынылады. Журналистермен болған баспасөз мәжілісінде 2 күнге созылған халықаралық форумның қорытындысы жария етілді.

Бір мыңға жуық жас өреннің  басын қосқан халықаралық форумның көздегені   еріктілер қозғалысының жұмысын жүйелендіру, қоғамдық істерге құлшына кірісетін қазақстандық қыз- жігіттердің белсенділігін арттыру болатын.  Осы  тұрғыда астықты аймақ  көрші елдің үздік тәжірибесін  енгізбекші.

Волонтерлер, яғни еріктілер деп, өз ынта – ықыласымен ақысыз-ақ қолқабысқа мұқтаж адамдарға, қоғамдық жұмыстарға көмегін берушілер. Бұл ұғым  қазір әлемдік трендке айналып отыр. Сонысымен де өзекті тақырыпқа айналып отыр. Жастарды қоғамға қызмет жасауға, өзге де рухани ізгі қасиеттерге тәрбиелеуге ден қойылмақ. Екі ел жастарының әріптестігін, достастығын нығайтуға  септігін тигізген форум аясында жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды. Жастар сарайының жанынан ашылған ұйым  бес бағыт бойынша жұмыс істейді.

Шілде айының 13-14 аралығында облыс орталығында жастар жәрмеңкесін ұйымдастыру  жоспарланған. Оған Қазақстан және Ресей елінің жастары да шақырылды. Бұл бастама кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасайтындарын жеткізді сала мамандары.  

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚТЫҢ 76% ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ БЕЛСЕНДІ САЛЫМШЫЛАРЫ БОЛЫП ОТЫР
14:35, 20 қыркүйек 2019
ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚТЫҢ 76% ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ БЕЛСЕНДІ САЛЫМШ...
Толығырақ...
ПОЛИЦИЯНЫҢ ЕРІКТІ КӨМЕКШІЛЕРІ ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ
20:59, 19 қыркүйек 2019
ПОЛИЦИЯНЫҢ ЕРІКТІ КӨМЕКШІЛЕРІ ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЛАТЫН ГРАФИКАСЫН ҮЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЖОБА ӘЗІРЛЕДІ
20:54, 18 қыркүйек 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЛАТЫН ГРАФИКАСЫН ҮЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН...
Толығырақ...
2019 ЖЫЛЫ 330 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ
20:32, 16 қыркүйек 2019
2019 ЖЫЛЫ 330 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...