ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ: ҚОСТАНАЙ МЕН РУДНЫЙҒА КІРІП-ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ Толығырақ

ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС

20:12, 16 қаңтар 2020

Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түні христиан дінінің православтық бағытын ұстанатындар жылдағы діни дәстүрлеріне сай, ойыққа суға түсіп, құдайға сыйыну рәсімін орындайды. Осыған орай, облыс орталығы мен бірқатар аудандарда да аталмыш шара іске асады. Бұл күні коммуналдық қызметкерлер өзен-көлдердің бетін қардан тазалап, арнайы суға түсетін орындар әзірлесе, құтқарушылар сақтық ережелерін өз бақылауларына алады.

Аталған рәсімді өткізу үшін Тобыл өзенінде шомылуға арналған  мұз ойығы дайындалуда. Оның тереңдігі 1,5 метр. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін құтқарушылар тұрғындарға  мынаны ескертеді.

Құтқарушылар мен тәртіп сақшылары және медицина қызметкерлері күшейтілген кестеге сай жұмыс істейтін болады. Ойықта суға түсетін қалалық жағажайда судан құтқару станциясының мамандары кезекшілік етеді. Олар халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Полиция қызметкерлері де қауіпсіздікті қамтамасыз етпек. Шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру, барлық мекемелердің және ұйымдардың реттелген әрекеттері мерекенің сәтті өтуін қамтамасыз етеді.      
 

Мұздай суық суға сүңгіген сәтте адамның ағзасына қатты ауыртпалық түседі: орта температураның күрт өзгеруі салдарынан адамның тынысы мен жүрегі тоқтап, қан тамырлары тарылып қалуы мүмкін, адамның талып қалуы да әбден ықтимал. Сол үшін медицина саласының қызметкерлері жүрек және бүйрек ауруы, қан диабетімен ауыратын адамдарға салқын суға түспеуге кеңес береді.

Шомылуға келгендердің діни сенімдері әр түрлі болса да,  Тобыл тұрғындары жылда бұл мерекені  ерекше ықыласпен қарсы алады.  Өйткені, дінге, ділге бөлінбейді. Бұл берекесі мен ынтымағы жарасқан іргелі  мемлекетіміздегі ұлтаралық татулық пен достықтың белгісін айғақтайды.  

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АГРАРЛЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТПАҚ
20:33, 20 қараша 2020
«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АГРАРЛЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТПАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛДАРДЫ ГАЗДАНДЫРУҒА БИЫЛ 3,32 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
20:34, 20 қараша 2020
АУЫЛДАРДЫ ГАЗДАНДЫРУҒА БИЫЛ 3,32 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН. СҮТ ӨНІМДЕРІ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ
20:13, 19 қараша 2020
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН. СҮТ ӨНІМДЕРІ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА...
Толығырақ...