ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА

20:54, 4 қыркүйек 2019

Облыста былтыр қыс мезгілінде тіркелген өрт оқиғаларының жартысынан астамы жекеменшік тұрғын үйлерде болған. Келеңсіз жағдайларға пештің өртке қарсы құрылғысының талапқа сай болмауы себеп, дейді төтенше жағдайлар қызметінің мамандары. Жыл сайын ескерту жасалса да, көбі қауіпсіздік ережелеріне мән бермейді. Салдарынан ондаған адам зардап шеккен.

Тамыз айының 15-інде облыс көлемінде бастау алған өрт қауіпсіздігі айлығы жалғасуда. Сала қызметкерлері тұрмыста және өндірісте, халық көп жиналатын орындар мен тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме ақпараттық жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл жолы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары арнайы рейд ұйымдастырды.

Күн суытысымен жеке секторларда пештердің мұржаларынан түтін будақтай бастайды. Өрт сөндірушілердің сөздерінше, дәл осы мезгілде келеңсіз оқиғалар жиі тіркеледі екен. Басты себептері - пештің ақаулығы, электр желілері мен құралдарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтамау, ата – аналардың балаларды қараусыз қалдыруы.

Жыл бойы жүргізілген жүйелі жұмыстардың арқасында облыста биыл өрт оқиғалары азайған. Сала мамандары жеке секторларда қыс маусымының алдында рейд шаралары жиі ұйымдастырылатынын жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...