ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

КАРАНТИНДІК ТАЛАПТЫ САҚТАМАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

20:30, 29 маусым 2020

Коронавирустың алдын алу мақсатында өткен демалыс күндері облысымыздың бірнеше қаласында локдаун режимі енгізілді. Қоғамдық көліктер тоқтап,тұрғындардың себепсіз үйден шығуларына шектеу қойылған болатын. Алайда тәртіпке бағынбай, ереже бұзғандар да анықталды. Мониторингтік топ жүргізген рейд барысында бірнеше сауда нысандары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

27-28 маусым күндері коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында аймағымызда локдаун режимі еңгізілді. Тұрғындардың себепсіз жүріп тұруына тыйым салынды.Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа сауда орындарының жұмыс істеуіне шектеу қойылды.

Мониторингтік топ жүргізген рейд барысында бірнеше ереже бұзушылық анықталды. Мәселен мына «Табыс» сауда үйінің есігі келушілерге айқара ашық тұр. Халықтың қарасы көрінбегенімен 10 нан астам адам бейқам жұмыстарын істеуде. Мамандар орталық басшысынан түсініктеме алып, хаттама толтырды.

Сондай ақ рейд барысында «Упаковка» дүкенінің де толықтай жұмыс жасап жатқаны анықталды. Алайда сауда орнының егесі рұқсат қағазым бар деп ақталады.Мамандар жаңа қаулының шыққанын түсіндіріп, ескерту жасады. Сонымен қатар тұрғындардан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды және сақтық шараларын саутауды ескертеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар