ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

КАРАНТИНДІК ТАЛАПТАРДЫ БҰЗҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ

20:15, 18 қараша 2020

Қостанайдағы рейдтік шаралар күн сайын жалғасуда. Карантин күшейтілгенімен, тұрғындар тарапынан оны ескермейтіндердің қатары азаяр емес. Мұны күнделікті тәртіпті бақылау мақсатында рейд шараларын жүзеге асырып отырған мониторинг топтарының жұмыстары дәлелдеп отыр. Естеріңізге салайық, өңірде карантин талаптарына өзгерту енгізіліп, 17 қарашадан бастап қандай да бір шара ұйымдастыруға тыйым салынған болатын.

Кезекті бақылау барысында мониторинг тобы тағы бір заң бұзушылықты анықтады. Дулатов көшесі бойында орналасқан коттедждердің бірінде жалға алушылар отбасылық мереке ұйымдастырған. Жаңа қаулыға сәйкес, той, еске алу, ас, қандай да бір отбасылық шараларға да тыйым салынған еді.

Карантин талаптарын бұзғандардың бірі мас күйінде болған. Ол бақылау тобы үй-жайға заңсыз кірді деген сылтаумен, қарсылық көрсете бастаған. Полиция қызметкерлері жанжалды тыныштандыру үшін күш қолдануға мәжбүр болды.

Естеріңізге салайық, бүгінгі таңда қаладағы тәртіптің сақталуын 162 мониторингтік және мобильді топ бақылауда. 1 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін 1000-ға жуық рейд жүргізілген, оның барысында 760 заң бұзушылық анықталды.

Гауһар Асанбек

Тақырып бойынша материалдар

«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
20:13, 26 қараша 2020
«ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАРЫ». КЕЗЕКТІ КІТАП ЖАРЫҚҚ...
Толығырақ...
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
20:06, 26 қараша 2020
АУДАНДАР МЕН АУЫЛДАРДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
МОНИТОРИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
20:04, 26 қараша 2020
МОНИТОРИНГТІК ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...