ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЖАНАЗА ЕРЕЖЕЛЕРІ

20:30, 8 шілде 2020

Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жаназа талаптары өзгертілді. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне бұдан былай 30 адамнан артық жиналуға болмайды. Қонақ асы берілмейді. Дене қызуы мен жөтелі бар адамдардың жерлеу рәсіміне келмегені жөн. Сондай ақ, жасы үлкен кісілер мен балалардың да жаназаға қатыспағаны абзал.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің мұсылман қауымын жаназа намазы мен құдайы асқа қатысудың келесідей ережелерін сақтауға үндейді. Осы орайда, жаназа намазына бір ғана діни қызметкердің, сосын тек отбасы және жақын тумаларының қатысуына, жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмауға кеңес береді.

Шариғатта қандай да бір жұқпалы аурудың белгісі тараған кезде аурудың етек алуын тоқтату мақсатында карантин қажет екені атап айтылған. Сондықтан қазіргі кезде көрінбейтін зиянды дерт тараған кезде оның алдын алу әрбір мұсылман баласына міндет, - дейді имамдар.

Имамдардың айтуынша, жаназа намазы мен уағыздың жалпы уақытын 5 минуттан асырмау, намаз барысында қол алысып амандаспау, намазға сап түзегенде кемінде 2 метр қашықтықты сақтау, қабір басында мәйіт жер қойнына тапсырылғаннан кейін жамағатты тездетіп қайтару керек. Сондай-ақ, қазіргі жағдайға байланысты қонақ асын беруге тыйым салынып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...