ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ҚАР БАСҚАН ҚАЛА

20:07, 13 ақпан 2020

Қостанай облысындағы Арқалық қаласын қалың қар басты. Көшеде көлік түгілі жаяу жүру қиын. Мүлде аршылмаған жолдар да бар. Ал тазартылғанының өзі тар, ойқы-шойқы. Кейбір көпқабатты үйлердің ауласына көлікпен кіру мүмкін емес. Қар басқан қалада әріптесіміз Дәуренбек Әбдібек болып қайтты.

Дәуренбек Әбдібек тілші

Мына кісі бойынан асатын үйілген қар қаланың шетінде емес, дәл орталықа жатыр. Міне, алдымызда студенттер жатақханасы, ал ту сыртымызда қалалық әкімдік тұр. Мұндай көріністі қазір қаланың барлық аудандарынан байқауға болады. Тұрғындар осындай қар таулардың арасынан жол тауып жүруге мәжбүр.

Темірхан Кенжебековтің жасы 78-де. Қарт кісіге тегістеліп қырылмаған ойқы-шойқы жолмен жүру қиын. Алайда мектептен кішкентай немересін алып қайтуы керек.

Дегенмен тұрғындардың бірқатары  жергілікті билік қол қусырып қарап отырған жоқ деген пікірде. Олар бұл жағдайға қардың жылдағыдан бірнеше есе көп түсуі себеп дейді. Биыл Арқалықта көз көрсетпейтін ақтүтек жиі соғып тұр.  

Көпшіліктің пікірін мамандар келтірген деректер де растайды. Мысалы былтыр қаладан қыс бойы тек 7 мың текшеметр қар шығарылса, биыл бір айда бұл көрсеткіш  21 мың текшеметрге жеткен.  Көшелерді қосқанда Арқалық қаласына қарасты  жолдардың ұзындығы 79 шақырым. Оның қардан тазартып күтіп ұстауға 11 млн теңге бөлінген. 10 техника, 50 адам  жұмылдырылған.

Көпшілік қазіргі жағдайға көнгенмен алдағы күнге алаңдайды. Көктемге дейін тау боп үйілген қарды сыртқа тасып үлгермесе, қаланы су басуы мүмкін. Сондықтан жергілікті басшылар облыстан қосымша қаржы сұрап отыр.

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
20:38, 27 ақпан 2020
ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
20:33, 27 ақпан 2020
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
Толығырақ...
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
20:31, 27 ақпан 2020
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...