ШҰҒЫЛ! ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН Толығырақ

ҚАЛА КҮНІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ

20:51, 12 тамыз 2019

Қостанай қаласының 140 жылдығын мерекелеуге де аз уақыт қалды. Ұйымдастырушылар айтулы датаны атап өтудің қамына кірісіп кетті. Облыс орталығында қала күніне арналған іс-шаралардың ауқымды жоспары құрылды. Этно және арт-фестивалдер, мотошоу, отандық және ресейлік шоу бизнес жұлдыздары қала тұрғындары мен қонақатрын көтеріңкі көңіл күйге бөлемек. Облыс орталығы күніне арналған мерекелік шаралар 16- ші тамызда басталады.

Бұл аумақта 7 метрлі шыныдан жасалған ақ бөкен  орналаспақ. Қазір бөлшектері  айнадан құрстырылуда. Мерекелердің ауқымды бөлігі облыстық әкімдік алаңында көрініс таппақ.  Мұнда   «Құнарлы Қостанай»  фестивалі ұйымдастырылады. Осылайша, қала қонақтары мен тұрғындары қазақстандық, тіпті шетелдік   авторлардың ең үздік туындыларын тамашалуға  мүмкіндік алады. 

Жергілікті қылқалам шеберлері мен  мүсіншілердің  де  еңбектерін бағалауға мүмкіндік болады. Көрермендердің назарына  ерекше технологиямен жасалған  көздің жауын алар кескіндемелер, суреттер мен мүсіндер ұсынылмақ.  17 тамыз күні Алтынсарин-Пушкин  қиылысында қазақстаннан  шыққан алғашқы кәсіби мүсінші , астықты аймақтың тумасы   Хакімжан Наурызбаевтың  құрметіне арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтеді.

Сенбі  күні сағат 12.00 - де  мерекенің көрігін  облыс әкімдігі алаңында  «әуе жыландар фестивалі»  қыздыра түспек. Және де Балалар және жастар шығармашылығы ұжымдарымен концерттік бағдарлама әзірленбек. Ал кешке орталық жағажайда  экстремалды спортты сүйер қауым үшін мотофестиаль ұйымдастырламқ.   Мерекелік бағдарламалар облыстық әкімдіктің  алдында құрылатын үлкен сахнада өтетін болады. Жылдағы дәстүр бойынша биылда қазақстанның және ресейдің танымал жұлдыздары шақыртылыпты.

Мерекелік іс - шаралар Қостанай қаласының бірнеше аумағында  өтеді. Тек орталық алаңда ғана емес, Солтүстік- батыс шағын ауданы мен  Гашек көшесіндегі Тобыл жағалауына келушілер де   мерекелік көңіл күйге бөлінбек.

Тақырып бойынша материалдар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...