ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ 100-ДЕН АСТАМ АЗАМАТТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

20:39, 21 қараша 2019

Ел көлемінде өтіп жатқан шара аясында қала әкімі Қайрат Ахметов те қала тұрғындарын қабылдады. Тұрғын үй түйткілі және жер теліміне қатысты мәселелер. Қабылдауға келгендердің көбі шаһар басшысына осындай мәселелердің шешімін табуға көмек сұрады. Олардың өтініш-тілектері мен ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдаған әкім жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Надежда Минаева мен Анатолий Чичев Кочубей көшесі №11-ші үйдің тұрғындары. Олардың айтуынша, тұрып жатқан 2 қабатты үй апатты жағдайда. Қабырғаларындағы жарықшақтарды бекітіп, жертөлесін тазалау және құрғату керек, ең дұрысы – үйді сүрілтіп, құрғындарды жаңа пәтерге қоныстандыру. Тұрғын үйдің техникалық ахуалының күрт төмендеуіне жертөлеге жиналып қалған су әсер етуде, дейді.

Қабылдауға келген Никита Мунтян «Уральская» тұрақ кооперативінің қызметі үшін төленетін қаражат сомасына наразы. Оның айтуынша, тұрақ күзетшілері қызметі үшін ақша алғанымен, көлігіңіз үшін жауап бермейді. Оған көлігін тұраққа қоямын деп, опық жегендердің көптігі дәлел дейді.

Тұрғындар көтерген тағы бір түйткіл – баспана мәселесі. Сондай-ақ кейбір көшелерді жарықтандыруға қатысты да ұсыныс-тілектер тыңдалды. Өйткені, қыс айларында көшелер қараңғы, әсіресе оқушыларға қиындық туғызады. Қала әкімі бұл күні 100-ден астам азаматтың мұң- мұқтажын тыңдап,тиісті шара қолданатынын айтты.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар