ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ

21:02, 19 қыркүйек 2019

Қайырымдылық идеяларын насихаттау, белсенді азаматтық ұстанымды дамыту. Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» акциясы бастау алды. Оған елдің әлеуметтік қоғамдық мәселелерін шешуге үлес қосқан азаматтар қатыса алады. Жеңімпаздар «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Мейірім жолында», «Қайырымдылық тарихы» наминациясы бойынша анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталмақ. Жобаның бастамашысы- Тұңғыш Президент қоры және Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы.

Байқаудың басты мақсаты – мұқтаж адамдарға барынша көмектескен қолы ашық жомарт жандардың игі істерін насихаттау. Оларды халыққа үлгі ету, таныстыру. «Қайырымдылық керуені» байқауына өтініштер қыркүйек айының 2-сі мен қарашаның 29-ы аралығында қабылданады Лауреаттар бірнеше номинация бойынша анықталмақ.

Өз қаржысы есебінен әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бейжай қарамай, жақсылық жасауға асыққан кез келген азамат жобаға қатыса алады. Жаны жайсаң бұндай мейіріміді жандар аймақта аз емес деп отыр ұйымдастырушылар. Бірақ, жомарт жүректі азаматтардың көбі атқарған жұмыстары туралы айта бермейді. Сондықтан қатысушыларды іздеу және оларды жұртшылыққа таныстыру маңызды.

Тұңғыш Президент қоры мен Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы мұрындық болған байқау қайырымдылық жасаудың аясын кеңейтуге бағытталған. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2020 жылдың 26 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

«IQ DODA» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
21:40, 3 маусым 2020
«IQ DODA» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕКТЕППЕН ҚОШТАСУ ШАРАСЫ ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙДА ӨТТІ
21:40, 3 маусым 2020
МЕКТЕППЕН ҚОШТАСУ ШАРАСЫ ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙДА ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...