ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ Толығырақ

«ҚАБЫЛБАЕВ ОҚУЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

13:20, 15 наурыз 2019

Құқық саласындағы ықпалдастық. Ішкі істер Министрлігінің Қостанай Академиясында «Қабылбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бейнебайланыс арқылы өткен жиында мемлекет пен халықтың мүддесін қорғауда ішкі істер органдарының қызметі мен қазақстандағы қылмыстық атқару заңнамаларын жетілдіру мәселесі сөз болды.

«Қабылбаев оқулары» академия тыңдаушылары арасында дәстүрге айналды.  Ғылыми мәжіліске ішкі істер министрлігінің ведомствалық жоғары оқу орындары мен Ресейлік заң институттарының өкілдері қатысты. «Құқық қорғау органдарының» өзекті мәселелері. Білім беру саласындағы әлеуметтік гуманитарлық бағыттар. Ғалымдар ортаға салған ортақ тақырып – осы. 

Конференцияда сан түрлі салмақты мәселелер сараланды. Қылмыстарға қарсы тұрудың тың тәсілдері талқыланып, құқықтық жүйені  дамыту турасында ғылыми жұмыстар ұсынылды.  Құқықтың жүйені жетілдіру бағыты бойынша    жас ғалымдарға қолдау артпақ.

Қоғамдағы құқықтық мәселелерге негізделген конференция  онлайн режимде өтті. Бұл білім беру саласында шет елдермен  ғылыми ынтымақтастық байланысты нығайтуға септігін тигізбек.

Өзекті тақырыптарды арқау еткен жиында  әркім өз ойын айтып, ұтымды ұсыныстар  ортаға салынды. Тәжірибе алмасқан тыңдаушылар халықаралық конференцияда біраз пайдалы мағлұматқа қанықты. Айта кетейік, Қостанай академиясының бастамасымен өткен дәстүрлі басқосудың беделі жыл санап тек  артып келеді.  

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА 3 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:40, 23 мамыр 2019
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА 3 МЕМОРАНДУМҒА...
Толығырақ...
ГЕНЕРАЛ БЕКЕТ АЙМАҒАМБЕТОВ БАҚ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:32, 23 мамыр 2019
ГЕНЕРАЛ БЕКЕТ АЙМАҒАМБЕТОВ БАҚ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
20:30, 23 мамыр 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:35, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...