ШҰҒЫЛ! «QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА ТЕЛЕМАУСЫМНЫҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ Толығырақ

К. ӘБДІРАХМАНОВА «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ

09:26, 12 шілде 2018

Астананың 20 жылдығы қарсаңында Елорда төрінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері құрметке бөленді. Олардың ішінде «Қостанай» облыстық телеарнасының қызметкерлері де бар. Телеарна директорының орынбасары Күлтай Әбдірахмановаға «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі тағылды. Марапатты Ақпарат және коммуникациялар вице- министрі тапсырды. Ведомство өкілдері бұқара мен билік арасында алтын көпірге айналған журналистердің Қазақстанның дамуы жолында атқарған өнегелі істерін ерекше атап өтті.

Абырой атақ әсте сіңірген еңбекпен, төгілген термен келеді. Өмірін еңбекпен өрнектеген Күлтай Әбдірахманова ақыл- парасатымен ел құрметіне бөленіп жүрген  сондай жандардың бірі. Қаламы қарымды журналист  Астананың 20 жылдығы қарсаңында «Ақпарат саласының үздігі»  төсбелгісіне ие  болды. Бір маңыздысы , Астананың 20 жылдығына орайластырылған мәртебелі марапат Күлтай Камалқызының  телеарнадағы 20 жылдық қызметімен тұспа - тұс келді.

Күлтай Әбдірахманова Науырзым аудандық «Жазира» газетінің жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасары, бас редактор қызметіне дейін жоғарылап, бұл ұжымда 1998-ші жылға дейін еңбек етті.  1998 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қостанай облыстық телерадиокомпаниясында қатардағы тілшіліктен бастап, компания директорының орынбасары - бас редакторлыққа дейінгі қызметтің барлық баспалдақтарынан өтті.  Осы жылдарда оның жетекшілігімен өмірдің сан саласын қамтитын талай тележобалар  әзірленді. «Тәуелсіздік тағлымы», «Парасат», «Айтарым бар», «Біздің елдің жігіттері» сияқты тағлым-танымға толы өзінің бірнеше авторлық хабарларын эфирге шығарды. Шығармашылық табыстары үшін Мәдениет және ақпарат министрлігінің этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауының  және Мәдениет министрлігіне қарасты Тіл комитетінің «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты байқауында «Үздік автор» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.  2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Алғыс» хатымен марапатталды. Адам қашанда өзінің адам деген атын жоғары ұстап,  рухани тұрғыда тозбауы қажет. Күлтай Камалқызының өмірлік ұстанымы осындай.

Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы. Күлтәй Әбдірахманова талай шәкірт тәрбиеледі.  Бүгінде олардың көбі республикалық арналарда еңбек етіп жүр. Кейбірі басшылық қызметтерді тізгендеген.

Ел еңбегіңді қадірлеп, лайықты құрмет көрсетіп жатса, сенің өмірде тапқан табысың сол болмақ. Күлтай Камалқызы табан ет маңдай теріммен осындай жетістіткерге жетіп отыр.  Ал журналист еңбегі көрермен бағасымен өлшенеді. Сондықтан, теларнадағы  мінсіз қызметі үшін мәртебелі марапатқа ие болуы, зор мақтаныш дейді Күлтай Әбдірахманова.  

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІНЕ ДАУЫС БЕРЕЙІК!
13:12, 18 қыркүйек 2018
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІНЕ ДАУЫС БЕРЕЙІК!
Толығырақ...
САЯСАТКЕР ӘЙЕЛДЕР КЛУБЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
13:09, 18 қыркүйек 2018
САЯСАТКЕР ӘЙЕЛДЕР КЛУБЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар