ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОСТАНАЙДА 29 ТҰРҒЫН ҮЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ Толығырақ

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

18:00, 11 шілде 2018

Кәсіпкер әйелдерге жаңа мүмкіндік. «Атамекен» кәсіпкерлікті дамыту қоры Халық банкпен бірлесіп, іскер әйелдерге арналған жаңа бағдарламаны жүзеге асырмақ. Нәтижесінде, салаға бөлінген 5 пайызыдық несиені тек нәзік жандылардың бизнесін қаржыландыруға жұмсалады. Мемлекет тарапынан жасалған қамқорлықтың арқасында аталмыш салада олардың саны жылдан жылға артып келеді.

Тәуелсіз елдің экономикалық дамуына іскер әйелдердің қосқан үлесі қомақты. Кәсіп ашуда олардың  қабілеті мен жауапкершілігі  жоғары бағаланады. Сондықтан оларға барынша қолдау көрсету керек. Сала мамандары жиында  бизнесті неғұрлым тиімді басқару мен мемлекеттік қаржылай көмек туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. 

Кәсіпкер әйелдерге арналған жиынға  шағын және орта бизнесті тізгіндеген нәзік жандылар жиналды. Бас қосудағы басты мақсат-бикештердің бизнестегі белсенділігін барынша арттыру.

Кәсіпкерлікпен айналысу әрине оңай шаруа емес. Басқосуда, іскерліктің ілгерлеуіне кедергі келтіретін тұстар  талқыланды. Кәсібінен табыс тауып отырған  қыз – келіншектерге   ұлттық кәсіпкерлер палатасы қол ұшын беруге қашанда әзір. «Атамекен» кәсіпкерлікті дамыту қорының көмегі арқасында өз кәсібін ашқан нәзік жандылардың бірі-Наталья Баладина. Ол бүгінде Қытай Республикасына  қазақстандық өнімдерді экспортқа шығарумен айналысады. 

Мемлекет тарапынан ұсынылған  қамқорлықтың арқасында кәсіпкер әйелдер саны жылдан - жылға тек еселеніп келеді. Айта кетелік, бүгінде аймағымызда өз ісін ашқан адамдардың саны  75 мыңнан асса,  соның жартысына жуығы  іскер әйелдердің үлесінде.

 

Әсел ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА «БАЛ» ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ
20:49, 9 қараша 2018
ҚОСТАНАЙДА «БАЛ» ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ТЕҢГЕ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
20:47, 9 қараша 2018
ТЕҢГЕ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:06, 6 қараша 2018
АУЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...
САНДЫ ТЕЛЕВИЗИЯ ОБЛЫСТЫ ТОЛЫҚ ҚАМТИДЫ
13:15, 6 қараша 2018
САНДЫ ТЕЛЕВИЗИЯ ОБЛЫСТЫ ТОЛЫҚ ҚАМТИДЫ
Толығырақ...
ШАҒЫН ҚАЛАҒА 6 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН
18:05, 6 қараша 2018
ШАҒЫН ҚАЛАҒА 6 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН
Толығырақ...