ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ІРІ САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

20:22, 30 наурыз 2020

Елімізде төтенше жағдайға байланысты кәсіпорындар өз қызметкерлеріне қашықтан жұмыс істеу кестесін енгізді. Сауда орталықтары да жұмыс уақытын қысқартып, кейбірі уақытша жабылды. Ал жұмыс істеп тұрғандары сақтық шараларын қолға алулары тиіс. Осыған байланысты, Қостанай қалалық әкімдігінің мониторингтік тобы мен санитарлық мамандар өңірдегі бірқатар нысандарға рейд жүргізді.

Күн тәртібіндегі басты мәселе -  коронавируспен күрес: Уақытылы дезинфекциялау, қол жуатын сусабын және тағы да басқа жеке антисептикалық заттардың болуы - ірі сауда орталықтарына қойылатын талап қатаң. Кассада кезектің сақталуы да маңызды. Рейд барысында «Март» сауда орталығында орналасқан супермаркет басшылығына ескерту жасалды. Себебі, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдері жеке қаптамасыз сатылып жатқаны анықталды.

"Kostanay Plaza" сауда орталығындағы супермаркетте де бірқатар талаптардың орындалмаған. Оларға да ескерту жасалды.  

Сондай-ақ, Орталық әмбебап дүкенде жұмыс істеп тұрған асханаларға комиссия мүшелері жұмысын тоқтатуды ұсынды. Жалпы Қостанайдағы сауда орталықтары 18.00-де жабылып, қойылған талаптарды орындауда. Бірақ, тексеру жұмыстары күн сайын жүргізіледі, барлық осындай нысандар бақылауда болады.

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...