ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

20:30, 29 маусым 2020

Қостанайда ірі көлемде есірткі тәркіленді. Облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық-психотропты затты 46 жастағы Арқалық қаласының тұрғынан тапты.

«Қарасора-2020» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 17-ші маусымда ер адам ұсталды. Күдіктінің автокөлігін тексеру кезінде орындықтың астында сөмке табылды. Оның ішінде электронды таразы, сондай-ақ, есірткі салынған пакет болған.

Жалпы, аталған іс-шара барысында жыл сайын Қостанай облысында заңсыз есірткі тасымалымен айналысқандар азайып келеді дейді құқық қорғау саласының өкілдері.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, биыл заңсыз айналымнан 37 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 91 грамм - героин, 731 грамм - гашиш және 222 грамм синтетикалық есірткі.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
20:50, 17 қыркүйек 2020
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
Толығырақ...
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
20:09, 16 қыркүйек 2020
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ АРТҚАН
Толығырақ...