ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ІНДЕТПЕН ЖҰМЫЛЫП КҮРЕСУ МІНДЕТ

20:25, 30 наурыз 2020

Аймақ аумағында діни ахуал тұрақты. Бірлестіктердің барлығы заң жүзінде тіркелген. Конфессияаралық келісім келісті. Алайда, елдегі төтенше жағдайға байланысты ғибадат ету нысандарында құлшылық жасаушылардың қарасы аз. Негізгі себеп те белгілі. Ол - жұқпалы індеттің таралуына жол бермеу мен қауіпсіздік шараларын қатаң қадағалау.

«Үйден шықпаңыз, бетперде тағып жүріңіз, қолыңызды жақсылап жуыңыз» деген маңызды ескертулерді жалпақ жұрт жиі естіп жүр. Бұның бәрі – біріншіден, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығы мен қоғам қауіпсіздігі үшін айтылып жатқан игі кеңестер. Елдегі үрейді сейілтуге дін саласының өкілдері де үн қосуда. Осы орайда олар құлшылық ету үшін мешітке келудің міндетті емес екендігін айтады.

Бес уақыт намазды бірен-саран адамның мешітке келіп оқитындығын жасырмайды имамдар. Тұрғындарға тиісті нұсқаулықтарды айтамыз. Алайда, біз оларға мешітке мүлде келме деп тыйым сала алмаймыз, - дейді. Қауіпті сейілту үшін жаназа намазына да марқұм болған кісінің ет жақындары ғана жиналсын деп кеңес береді.                

Мешіт қызметкерлері қиын-қыстау кезеңде қайырымдылық шараларын да жүзеге асырып жатқандарын айтты. Әсіресе, көп балалы отбасылар мен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жеткізіп, медициналық маскалармен қамтамасыз етіп жатқандарын мәлімдеді.

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...