ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ІНДЕТПЕН КҮРЕСУ – ЖАЛПЫҒА МІНДЕТ

20:30, 29 шілде 2020

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ковид-19 індетімен күресуге белсене атсалысып келеді. Осыған орай орталық мамандары Қостанай қаласында тұратын әлеуметтік әлсіз топ өкілдерін қорғаныш құралдарымен қамтамасыз еткен еді. Қайырымдылыққа бағытталған іс-шараларын енді кеншілер қаласында жалғастырып жатыр.

Моноқалада әлеуметтік маңызы зор акция іске асырылды. Шара бастамашылары – облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары. Мақсаттары – кеншілер қаласының тұрғындарын тегін сақтық құрал-саймандарымен қамтамасыз ету.

Осыған дейін орталық мамандары Қостанай қаласында 30-дан астам шара өткізген екен. Ал шағын шаһарда іске асқан акция 6 ұйымды қорғаныш құралдарымен қамтыған.  Олардың ішінде Рудныйдағы егде жастағы мүгедектер интернаты мен мүмкіндігі шектеулі адамдар бірлестігі бар.

Орталық өкілдері өздері аралаған мекеме-ұйым мамандарына, қоғамдық бірлестік мүшелеріне қорғаныш құралдарын үлестірумен шектелмей, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, өздерінің де, өзгелердің де денсаулығына бей-жай қарамау керектігін ескертті. 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...