ШҰҒЫЛ! ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН Толығырақ

IKOMEK-109. ЕКІ КҮНДЕ 88 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

18:06, 15 мамыр 2019

Ikomek-109. Біз бұған дейінгі хабарымызда облыс орталығында 1000-нан астам қызмет түрлері біріктірілген жаңа орталық іске қосылғанын айтқан едік. Бұл, тәулік бойы жұмыс істейтін жалғыз орын болып табылады. Екі күнде аталмыш орталыққа тұрғындар тарапынан 483 өтінім қабылданған. Оның 88-і шешімін тауып, 346-сы тиісті мекемелерге жіберілген.

Еске сала кетейік, Іkomek бірыңғай байланыс орталығының бағыты – тұрғындардың өтініштерін қабылдау, орын алған жайттарды, апаттарды шешуде коммуналдық және жедел қызметтер жұмысын үйлестіру. Құқықбұзушылықтарды анықтап, мәселелердің уақытылы шешілуін қадағалау. Бұл Іkomek  орталығының басты бағыты. Аталған әмбебап көмекші каталогында 1050-ден астам қызмет бар, оларға оператор бірінші қоңыраудан-ақ жауап бере алады. Барлық өтініштер өңделіп, оларға тіркеу нөмірі де беріледі.  Осылайша,  iKomek орталығы тұрғындардың өмірін ұдайы жақсартуға және дамытуға септесетін бірден-бір мекеме болып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
20:53, 22 тамыз 2019
ЧЕЛЯБІ – ҚОСТАНАЙ: ТІЛ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар