ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ИЕСІЗ ИТТЕР. ҚОРҒАУ КЕРЕК ПЕ, ҚОРҒАНУ КЕРЕК ПЕ?

20:17, 23 қаңтар 2020

Қала тұрғындары облыс орталығында иесіз иттердің көбейіп кеткендігіне көп арыз-шағымдар түсіруде. Осыған орай Қостанайда қаңғыбас иттерді аулауға бағытталған айлық іс-шара жүргізіліп жатыр. Тұрғындар тарапынан түскен шағымдарға байланысты ветеринариялық станция мамандары иесіз иттерді инемен атып ұйықтатып, оларды қала сыртындағы арнайы орындарға көмуде. Ал, жан-жануарларға жанашырлық танытушылар мұндай қатыгездікті доғару керек деп дабыл қағуда. Осы ретте еріктілер жұртты мейірімді болуға шақырады. Қаңғыбас ит-мысықтарды өлтірмей, оларға пана табуға әрекеттенуде.

Ит-мысық асырау туралы мәселе күнделікті тұрмыстың ұсақ-түйегі емес екендігін қазір жұрт түсінген. Оларды ұстаудың нақты ережелері де бар. Бірақ, ескеріле бермейді. Иттерді көп пәтерлі тұрғын үйлердің ортақ пайдаланатын орындарында,  кіреберістерде, жертөле қабаттарында, баспалдақ астында, сондай-ақ, үй маңындағы аумақтарда асырауға жол жоқ. Ветеринария туралы Заңда да адамдарға қауіп төндірер ит-мысықтардың көзін жоюға рұқсат берілген. Осы тұрғыда  ветеринариялық станция мамандары өз қызметтерін атқаруда.

Иесіз иттердің емін-еркін көше кезулеріне қатысты қала тұрғындары мамандарға жиі шағымданады. Тек ветеринариялық станцияға ғана емес, «Ай-көмек» орталығына да үнемі қоңырау шалады екен. Биылдың өзінде 109 нөміріне 100-ден астам арыз кеп түскен. Кезек мамандарға келген соң олар мылтық кезенеді, ұйықтатады, келесіде көрінбейтіндей етеді. Ал, еріктілер болса мұны қатыгездік дейді. Ит-мысықтарды өлтіргенше, оларға пана тауып берген жөн. Осы ретте біз иесіз мақұлықтарға арналған қоғамдық бірлестік аштық дегенді алға тартады.

Еріктілердің арқасында былтыр 200-дей ит-мысық жаңа қожайын тапқан. Қазіргі күні қоғамдық бірлестікте 20 мақұлық мекен етеді екен. Көп кешікпей, біз оларды да жаңа иесіне тапсыратын боламыз. Бұл ретте біз әлеуметтік желінің жәрдеміне жүгінеміз, - дейді ештеңеге енжар қарамайтын еріктілер.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
20:38, 27 ақпан 2020
ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
20:33, 27 ақпан 2020
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
Толығырақ...
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
20:31, 27 ақпан 2020
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...