ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ХҚКО ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ 80 ПАЙЫЗЫ САНДЫҚ ЖҮЙЕ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕДІ

20:32, 18 наурыз 2020

Мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы онлайн режимінде көрсетіледі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері құжаттарды рәсімдеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, электронды жүйені пайдалануға кеңес береді. Egov.kz қосымшасын ұялы телефонға жүктеу арқылы да барлық қызмет түрі қолжетімді.

Халыққа қызмет көрсету орталығында адам саны көп. Бұл, қауіпті вирустың таралуына әсерін тигізуі мүмкін. Сол үшін, келушілер орталықтың ғимаратына кезекпен кіруде. Сала мамандары тұрғындардан мемлекеттік қызметті үйден шықпай алуға кеңес береді.  Бүгінде 80 %-ын интернет арқылы онлайн алуға болады.

Ұялы қосымша арқылы жүргізуші куәлігі, техпаспорт, азаматтық хал актілері бойынша куәліктерді рәсімдеуге болады. Халықтың электрондық қызметтерге қол жеткізуін кеңейту үшін жақын арада халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, электронды цифрлы қолтаңбаны алу мүмкіндігі қолжетімді болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдарға қағаз құжаттарға қол қоюды және келісу процесстерін алып тастау тапсырылды. Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметшілердің қашықтан жұмыс істеуіне техникалық мүмкіндіктер пысықталуда.  

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...