ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

«ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» атты жалпыұлттық ғылыми байқау өтті

20:46, 17 қараша 2017

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» атты жалпыұлттық ғылыми байқаудың 2-ші кезеңі өтті. Жиынға еліміздің әр түпкірінде Алаш мұрасын зерттеп, ғылыми ізденісте жүрген 18 бен 35 жас аралығындағы жас ғалымдар қатысты. Тарихи-танымдық маңызы зор ғылыми шара Алаш ұлттық автономиясының 100 жылдығына арналған.

Байқаудың басты мақсаты – Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Алаш» арыстарының шығармашылық мұрасын, олардың еңбектеріндегі мемлекеттік құрылыс, демократиялық құндылықтар мәселелерін зерделеу. 4 номинацияны қамтитын ғылыми байқау «Ақ жол» демократиялық партиясының ұйымдастыруымен бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді.

Жиында ұлттық сананың дамуындағы бетбұрыс кезеңде тарих сахнасына көтерілген Алаш ұғымы төңірегінде жиі кездесетін қате түсініктер туралы да айтылды.

Ғылыми байқауды ұйымдастырушылардың Ахаң атындағы білім ордасын таңдауы тегін емес. Ахмет Байтұрсынов – алаш идеясының бірден-бір насихатшысы. Ұлттық мұратты қасық қаны қалғанша қорғап өткен қайраткер тұлға. Сондықтан мұндай шараның ғылыми мазмұнымен қатар, тәрбиелік сипаты да басым.

Байқауға студенттер, магистранттар, докторанттар қатысып, өздерінің зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми тұжырымдарын қорғады. Олардың ішінде еліміздің өзге өңірлері мен Түркия, Австралия сынды шет елдердің жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан жастар бар. Ғылыми зерттеулердің тақырыптық аясы да ауқымды. Көне түрік қағанатынан бастап, Қазақ хандығы, Алаш автономиясы мен бүгінгі жаңа Қазақстанға дейінгі мемлекеттік идея сабақтастығын қамтуға ұмтылыс жасаған жобалар да бар.

Жиын барысында «Ақ жол» демократиялық партиясының жетекшісі Азат Перуашев Ахаң атындағы университет кітапханасына өз еңбектерін тарту етті. Жалпы Байқаудың мәрелік кезеңі желтоқсан айында  өтеді. Қостанай конференциясының жеңімпаздары Елордаға барып,  ғылыми жобаларын қорғайды. Байқаудың бас жеңімпаздарын  арнайы қазылар алқасы анықтайды.

Тақырып бойынша материалдар

«100 нақты қадам» сот жүйесін жетілдіре түсті
18:36, 13 желтоқсан 2017
«100 нақты қадам» сот жүйесін жетілдіре түсті
Толығырақ...
Үздік әскери қызметкерлер кеші өтті
18:00, 13 желтоқсан 2017
Үздік әскери қызметкерлер кеші өтті
Толығырақ...
Қызметтік көлікті мақсатсыз пайдаланғандар жауапқа тартылды
17:57, 13 желтоқсан 2017
Қызметтік көлікті мақсатсыз пайдаланғандар жауапқа тартылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2018-2020 жылдарға арналған бюджет бекітілді
20:30, 8 желтоқсан 2017
2018-2020 жылдарға арналған бюджет бекітілді
Толығырақ...
Шетелдік инвестиция көлемі 8,5 есе ұлғайды
20:34, 8 желтоқсан 2017
Шетелдік инвестиция көлемі 8,5 есе ұлғайды
Толығырақ...
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделері қорғалады
18:00, 8 желтоқсан 2017
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделері қорғалады
Толығырақ...