ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

Халықаралық зағиптар күніне арналған шара

20:43, 13 қараша 2017

Жазмыштың жазуымен жанарынан айрылған азаматтар аз емес. Көру мүмкіндігі шектеліп, күні өзгеге қарап қалған зағип жандар көп кездеседі бір ғана облыс орталығының өзінде. Тағдыр тауқыметін тартқан олардың тірлігі қиындыққа толы. Дегенмен, денсаулығым жарамайды деп, қол қусырып, қарап отырмайды олар. Қоғамдық шараларға қатысып, өз өнерін ортаға салады. Осыған орай, көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға арналған аймақтық кітапхана мамандарының бастамасымен халықаралық зағиптар күніне негізделген мерекелік жиын өтті. Тақырыпты толығырақ тілшіміз баяндап берсін.

Күн сәулесін бір сәтке болса да көру – зағиптар үшін өмірдегі баға жетпес, ең асыл арман. Айналасындағыны тек сипау арқылы ғана сезіп, көкірек көзімен көруден басқа қолдан келер қайран жоқ. Алайда, олар - жазмыштың жазғанына жасымайтын қайсар жандар. Сол қасиеттерінің арқасында өмірге деген ынталары арта түспесе, еш кеміген емес. Осы орайда, арнайы кітапхана қызметкерлері халықаралық зағиптар күніне арналған мерекелік басқосу    ұйымдастырды. Жер-жерден келген зағип жандар бір-бірімен қауышып, бір марқайып қалды.

Бұл басқосудың басты кейіпкерлері белгілі. Олар – көзі көрмейтін немесе нашар көретін азаматтар. Аталмыш жиынға олар бізге басқалар аяушылық танытсын деп келмеген. Қайта, денсаулық жағдайларына қарамастан, қолдарынан іс келетіндігін дәлелдеген жандар. Солардың бірі - Қостанай қаласының тұрғыны Өтеген Дәуітбаев. Ол мүмкіндігі шектеулі  жандарға үкімет тарапынан үлкен көмек көрсетілуде, - дейді. 

Осы күні «Қазақ зағиптар қоғамының» облыстық филиалында 675 адам тіркеуле тұр. Олардың 230-ы бірінші топтағы мүгедектер санатына кірсе, қалғандары - екінші топтағылар. Шара бастамашыларының сөзіне сүйенсек, қамкөңіл жандардың көңілін аулау үшін алдағы уақытта осы тәріздес іс-шаралар ұдайы ұйымдастырылып тұрмақ.

Тақырып бойынша материалдар

«ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» атты жалпыұлттық ғылыми байқау өтті
20:46, 17 қараша 2017
«ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» атты жалпыұлттық ғылыми байқ...
Толығырақ...
Құтқарушылар оқу - жаттығу шарасын өткізді
20:41, 17 қараша 2017
Құтқарушылар оқу - жаттығу шарасын өткізді
Толығырақ...
Отбасы институттарының маңызын арттыру қажет
20:33, 17 қараша 2017
Отбасы институттарының маңызын арттыру қажет
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қонысбек Бегайдаровтың шығармашылық кеші
13:09, 16 қараша 2017
Қонысбек Бегайдаровтың шығармашылық кеші
Толығырақ...
«Мәриям оқулары» қалалық байқауы өтті
13:00, 15 қараша 2017
«Мәриям оқулары» қалалық байқауы өтті
Толығырақ...