ШҰҒЫЛ! ҚАУІПТІ ҚОНЫС Толығырақ

ГЕНЕРАЛ БЕКЕТ АЙМАҒАМБЕТОВ БАҚ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

20:32, 23 мамыр 2019

Галстуксыз кездесу. Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов бейресми форматта Бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде Масс-медиа мен полиция департаменті арасындағы қарым – қатынасты нығайту, ықпалдастықтықты нығайту жайы айтылды. Облысымыздың бас полицейі, генерал — майор әдебиет әлемінен де хабарсыз емес екен. Толығырақ, тілшіміз тарқатады.

Бейресми кездесу. Полиция департментінің бастығы генерал – майор Бекет Аймағамбетов бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен емен-жарқын әңгімелесуде. Әдетте ресми өтетін  басқосу бұл жолы өзгеше форматта іске асты.  Ашық диалог алаңында  облысымыздың бас полицейі БАҚ саласы мен құқық қорғау органдары арасындағы қарым- қатынасты жандандыру  керектігін сөз етті. Ведомство басшысы кездесу барысында тәртіп сақшыларының алдында тұрған  негізгі міндеттерге тоқталды.

Ілгерушілік бар. Өңірдегі криминогендік жағдай едәуір жақсара түскен. Ауыр дене зақымын келтіру,  қарақшылық, азайған. Адам өлтіру 43 пайызға, кісі тонау 14, бұзақылық 42 пайызға төмендеген. Ең көп тіркелетін ұрлық фактілері де кеміген. Есесіне, бопсалаушылық пен интернет алаяқтары көбейген. 

Жол тәртібін бұзу деректері де азайған. Полиция қызметіне енгізілген ақпараттық – технологиялар нақты нәтиже беруде. Былтыр темір тұлпар иелерімен 39 мың заң  бұзушылық тіркелсе, соның 17 мыңы бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды. Галстуксыз өткен ерекше форматтағы бас қосуда аймағымыздағы қылмыстық ахуал ғана баяндалған жоқ.  Бекет Аймағамбетов жақында фейсбукте ашқан парақшасында  тұрғындар тарапынан көп сауалдар жолданғанын айтты. Халық көбіне бас полицейдің бос уақытын қалай өткізетінін білгілері келеді екен. Генерал - майор БАҚ өкілдеріне сүйікті хоббиін жасырмады. Бекет Аймағамбетов  әдебиетке жақын шығармашыл адам. Әдебиет әлеміндегі сүйікті жазушылары Гумилев, Толстой. Қаламды серік еткен ведомство бастығы  өзі де кітап авторы. «По трапам великого переселения» туындысы жарық көрген. Облысымыздың бас полицейі  тілшілермен осындай бейресми мәжіліс өткізуге қашан әзір екенін айтты.

Тақырып бойынша материалдар

100 ЖАСҚА ТОЛҒАН ҰОС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
20:57, 13 қыркүйек 2019
100 ЖАСҚА ТОЛҒАН ҰОС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...
«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
20:53, 13 қыркүйек 2019
«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
20:53, 9 қыркүйек 2019
«QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ: ЖАҢА МАУСЫМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
18:00, 10 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...