ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙДА ЗАМАНАУИ ҚОНАҚ ҮЙ ЖӘНЕ 20 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ Толығырақ

ҒАСЫРЛЫҚ ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР

20:55, 13 сәуір 2018

10-шы сәуір күні Федоров ауданының тумасы - Татьяна Науменко 100 жасқа толды. Бір ғасыр жасаған кейуана 10 жылдан артық аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрып келеді. Тыл ардагерінің туған күніне орай аталмыш мекемеде мерекелік шара көрініс тапты.

Аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында үлкен той. Бұрын-соңды болмаған думанды іс-шараның басты себепкері – Татьяна Науменко. Ол биыл 100-ге толып отыр. Дәуір жасаған әжейді жергілікті билік өкілдері мен орталық қызметкерлері құттықтауда.

Дәуір жасаған әжейдің денсаулық жағдайы жақсы. Өз бетімен жүріп-тұра алады.   Көру қабілеті де жаман емес. Бос уақытын кітап оқуға арнайды, ән тыңдайды. Өзі ұнатқан әуенге елтіп, би билейтін де кездері болады, -  дейді кейуананың күтімімен айналысатын орталық қызметкерлері.

Бүгінде аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 55 қария өмір сүріп келеді. Дені – әжейлер. Жастары келсе де жасымайды. Үнемі осындай мерекелік іс-шараларда шамалары келгенше көңіл көтереді. Олардың ортақ пікірі – ойнап-күлгенге не жетсін деген ұнамды ұстаным.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ - ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ
13:00, 24 сәуір 2018
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ - ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ
Толығырақ...
112 ЕСКЕРТЕДІ! БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:46, 23 сәуір 2018
112 ЕСКЕРТЕДІ! БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар