ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА Толығырақ

"FUR HOUSE": САПАЛЫ ӨНІМ, ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒА

20:50, 21 қазан 2019

Шебер тігіншілердің қолынан шыққан бағалы, сәнді тондар Қостанайда сатылып жатыр. Ішіктердің үлгісі сан алуан. Сапасы да жоғары, бағасы да қолжетімді. Әдемілік пен жайлылықтың үйлесімін қалайтын жандар үшін Қостанайда «Fur House» салоны ашылды. Суық қыста жылу беретін күзен тондарының эксклюзивті үлгілері сатылымға шығарылды.

Бағалы тондар мен ішіктер – кез келген қыз-келіншектің ажарын ашатын бірегей сырт киім саналатыны белгілі. Өйткені, әрдәйім жарасымды, сәнді көрінеді. Сондықтан, тері өнімдеріне сұраныс бикештер тарапынан қашанда басым болған. Қостанай қаласында "Fur House" дүкені ашылды. Мұнда аң терілерінен тігілген тондардың алуан түрін таба аласыз.

Қарақұндыз, түлкі жағалы ішіктер, қой терісінен тігілген тондар мен сәнді үлгідегі күртешелер. Тон өнімдерінің өлшемі де сан алуан. Сапасы да, бағасы келушілердің көңілінен шығуда. Келген қонақтарға қайталанбас үлгідегі тондардың жаңа топтамасы таныстырылды.

"Fur House" дүкенінде сатып алушылар үшін тиімді әрі арзан баға қарастырылған. Сонымен қатар 24 айға дейін бөліп төлеу мүмкіндіктері бар. Дүкенде кез келген адамға үйлесімділік пен түстерді таңдауға көмектесетін білікті сатушылар жұмыс істейтін болады. Жақында ашылған дүкен енді қала тұрғындарын Әл-Фараби даңғылы 67 мекенжайы бойынша күтетін болады.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
20:49, 15 қараша 2019
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
20:41, 13 қараша 2019
30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...