Федоров ауданы. Білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуы тиіс

Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұлт тәрбиелеуге ұмтылу. Бұл туралы Елбасының Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты жарық көрген мақаласында айтылған. Табыстың кілті - дұрыс таңдаған мамандықта. Стратегиялық құжатта көрсетілген маңызды тармақты орындау тұрғысында Федоров ауданында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Облысымыздың 6 жоғары оқу орындарының өкілдері мектеп түлектері арасында кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізді.

18:01, 20 сәуір 2017   56

Орта білім алғаннан  кейін, қандай кәсіпті  таңдаған дұрыс? Бұл  мектеп түлектерінің басым бөлігін  мазалайтын сауалдардың бірі. Федоров ауданына келер болсақ, мұнда кәсіби бағдарлау жұмыстарына  баса көңіл бөлінген.  Елбасының мақаласында білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуы керектігі айтылған еді. Технология дамыған дәуірде, жұмысын қиналмай ,зор қызығушылықпен атқаратын,қабілетті, талапты жандар табысқа жетеді. Демек, мамандық таңдауда қателеспеу  аса маңызды. Федоров ауданындағы мәдениет үйінде өткен іс шараның діттегені де осы.  

Мәдениет үйінде өрбіген іс - шараға   әр елді - мекеннен  250 түлек жиналыпты. Лайықты өмір сүру үшін ұдайы ұмтылыс пен ізденісте болу керек. 6 Жоғары оқу орынан келген  кәсібибағдарлау топтары бұл бағытта шәкірттерге барынша ақпарат беруге тырысты.  Бұл оқушылар болашақта студент атанбақ. Спорт, би, ән, дебаттық клубтаррға қатысады. Шәкірттер  университет студенттерінң өнерін тамашалады.

Мамандық таңдауда мол мәлімет беретін іс шараға 10 мен 11 сынып оқушылары қатысты.  Арнайы  көрмеде болашақ абитуриенттер кәсібибағдарлау топтарының өкілдеріне  өз сауалдарын қойды.  

Мұндай оқушыларға арналған кәсібибағдарлау  жұмыстары мектеп қабырғасында жиі өткізіледі. Өйткені, табыстың кілті-дұрыс таңдаған мамандықта- дейді ұйымдастырушылар. 

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-11-44