ШҰҒЫЛ! Жемқорлық фактілері азайған Толығырақ

Әулиекөл ауданы. А. Мұхамбетов: Егіншілікті әртараптандыру - елдің байлығы

19:04, 13 шілде 2017

Әулиекөл ауданына қарасты Көктал ауылында 60 орынға есептелген орта мектептің құрылысы баяу жүріп жатыр. Ғимараттың төбесін жабу, ауласын абаттандыру, құрал-жабдықтарға тапсырыс беру жұмыстары кешеуілдеп қалған. Дегенмен, білім ордасы белгіленген мерзімде, яғни 1-ші қыркүйекте тапсырылуы тиіс. Өңір басшысы аудан әкімі мен мердігерлерге осындай тапсырма жүктеді. Архимед Мұхамбетов сондай-ақ жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен кездесіп, маңызды мәселелерді талқылады.

Биыл әулиекөлдік диқандар 265 мың гектар жерге дән сепкен. Егістіктің  80 пайызға жуығы бидайдың үлесінде.  Соңғы жылдары  оның  бағасы нарықта  арзандамаса, көтеріліп жатқан жоқ. Сондықтан, бидай алқабының көлемін азайтып, экономикалық жағынан тиімді дақылдарға көшу керек. 

Мол өнімге қол жеткізу үшін және де машина техника алаңын жаңартып алған абзал.   Әулиекөлдік диқандармен  жүздескен облыс әкімі Архимед Мұхамбетов осылай деді. Мұндағы шаруа қожалықтарында  комбайн, тракторлардың жартысынан көбі ескі.  Ауданда астық сақтайтын    қойма салынуда. Сыйымдылығы  24 тың тонна. Ірі жоба іске қосылғаннан кейін 70 адам жұмыспен қамтылады.   Бірақ, элеваторға    баратын жолдың  жағдайы мәз емес.  Инфрақұрылым,  көліктік логистиканы да іскер жандар  ретке келтіру керектігін тілге тиек  етті әкім. Жергілікті билік тізгігіндеген басшы   мал шаруашылығы саласындағы мәліметтерді   баяндады. Әулиекөлде 44 мыңдай асыл тұқымды ірі қара бар. Жылқы саны  он мыңнан асады. «Сыбаға», «Құлан»  бағдарламалары  белгіленген жоспардан артығымен орындалды.  Былтыр 6 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Аудан әкімі жем - шөптің бір жарым жылдық қорын  жасап қойғандарын жеткізді. Алайда, эпизоотикалық ахуалдың кесірінен ауданда төлдердің саны  қысқарған.

Ал бұл Жоламан Қалиев басшылық ететін  макарон цехы.  Осыдан бір ай бұрын іске қосылды. Әулиекөлде өндірілген өнімді қазір облыс тұрғындары тұтынуда.  Болашақта республика нарығына шығуды жоспарлап отыр. Бір ауысымда 350 келі макарон шығарылады. Мұнымен қоса, лағман кеспесін өндіретін цех жабдықталуда. Кәсіпорынның тынысымен танысқан  өңір басшысы  Әулиекөл ауданына қарасты Көктал ауылына жол тартты. Мұнда  60 орынға есептелген мектеп  пайдалануға берілмек.  Бірақ,  құрылыс алаңындағы жұмыс қарқыны көңіл көншітпейді. Бірқатар жұмыстар   кешеуілдеп қалған.

Жоспар бойынша мектеп 1 ші қыркүйекте тапсырылуы керек. Межеленген міндет мерзімінде бітуі тиіс.  Бұл облыс басшысының ауданы әкіміне және мердігерге жүктеген тапсырмасы. 

Тақырып бойынша материалдар

Әскерилер тілдер мерекесін атап өтті
13:26, 22 қыркүйек 2017
Әскерилер тілдер мерекесін атап өтті
Толығырақ...
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
16:06, 21 қыркүйек 2017
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
Толығырақ...
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
18:31, 20 қыркүйек 2017
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі  (толық нұсқа)
18:06, 18 қыркүйек 2017
Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі (толық нұсқа)
Толығырақ...
Аналар күніне арналған мерекелік шара
18:32, 18 қыркүйек 2017
Аналар күніне арналған мерекелік шара
Толығырақ...
Білім ошақтарындағы өрт қауіпсіздігі тексерілді
18:26, 18 қыркүйек 2017
Білім ошақтарындағы өрт қауіпсіздігі тексерілді
Толығырақ...