ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ Толығырақ

ЭТНОСАЯСАТ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ КЕПІЛІ!

18:18, 15 мамыр 2019

Облыс орталығында үш күндік семинар-тренинг басталды. Оның тақырыбы – «Мемлекеттік этносаясат: азаматтық бірегейлікті қалыптастыру және біртұтас халық». Бұл тұста мемлекеттік басқару академиясы мамандары жергілікті мемлекеттік қызметшілерге ел тұрындарымен, әсіресе, түрлі этнос өкілдерімен қарым-қатынас жасаудың қыр-сырын үйретуді мақсат тұтады.

Ұлттық саясат - бір мемлекетте тұратын әртүрлі этностардың, этникалық топтар мен диаспоралардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеу. Өркениетті мемлекеттерде Ұлттық саясат этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтауды және нығайтуды мақсат етеді. Әлемдегі 200-ден астам мемлекеттің 80 проенттен астамы көп этносты және көп дінді. Сондықтан Ұлттық саясат әрбір мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың маңызды сегменті  саналады. Ұлттық саясат этносаралық татулықты нығайтудың нақты шараларын күн тәртібіне қояды және шешеді. Ұлт саясатын этносаясат деп те атайды.

Этносаясаттың мақсаты - елдегі этносаралық түсіністікті сақтай отырып, халықты өркениеттілік дәстүрлеріне тарту. Ол үшін саясатқа араласатын мүдделі топтар әрбір қайшылықты, шиеленісті өзара келісімге келу арқылы шешеді. Түрлі халық өкілдері өздерімен қатар өмір сүріп жатқан этностардың дәстүрлеріне, мәдениетіне, тілдеріне толеранттылық көрсетеді. Ұлттық саясат өркениетті елдерде азаматтардың ұлттық құндылықтарына деген позициясына сәйкес жүргізіледі. Оның мақсаты - ұлттық өмірді модернизациялау, ұлттық құндылықтарды сақтау және оның тынысын ашу. 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАБАЙЫ ИТТЕРДЕН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕР КӨБЕЙГЕН
20:50, 24 мамыр 2019
ЖАБАЙЫ ИТТЕРДЕН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕР КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:43, 24 мамыр 2019
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...
ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЫҚПАЛДАСТЫҚ АРТА ТҮСПЕК
20:38, 24 мамыр 2019
ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЫҚПАЛДАСТЫҚ АРТА ТҮСПЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:35, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...