ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

ЕСКІ ҮЙЛЕР ПРОБЛЕМАСЫ ЕСКЕРІЛУІ ТИІС

20:41, 8 қараша 2019

Арқалық қаласында кеңестік кезеңде салынып, содан бері ешқандай жөндеу көрмей келе жатқан баспаналар бар. Аты үй болғанымен, заты олай деуге келмейді десек, артық айтқандық емес. Сондай әбден тозығы жеткен баспаналардың бірінде көпбалалы ана санатына кіретін Гүлбану Өтебаева есімді шағын шаһар тұрғыны тұрады. Ол осы уақытқа дейін шешімін таппай жүрген мәселесін айтып, телеарнамыздың көмегіне жүгініп отыр.

Арқалық қаласы Демченко көшесіндегі №4 үй. Өздеріңіз көріп отырғандай, сырт келбеті көз сүйсінерліктей көрікті деуге келмейді. Ішкі көрінісі де көңіл көншітпейді. Үй тұрғындарының айтуынша, көктем, күз мезгілінде ескі баспананың шатыры әбден есімізді шығарады дейді. Төбеден сорғалаған су тобығымыздан келеді деп шағымданады. Гүлбану Өтебаеваны да осы мәселе мазалайды.

Көпбалалы ана бұл баспанада 2006 жылдан бері тұрады. Салқын судың өзі он бір жыл бойы күттіріп, 2 жыл бұрын ғана тартылды дейді. Ешкімнің көмегін күтпей-ақ үйдің шатырын өзім жөндеп алар едім, әттең оған жағдайым жетпейді дейді жалғызбасты ана. Түйткілдің шешімін білу мақсатында жауапты сала мамандарының да жауабын тыңдадық.

Айтылған сөз – атылған оқ демей ме дана қазақ. Ендеше, Демченко көшесіндегі 4-үйдің төбесі қашан жөнделетіні – уақыттың еншісіндегі әңгіме. Тиісті деген жұмыстардың атқарылуы да жауапты сала мамандарының қаншалықты сөзге беріктігіне байланысты.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

«ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ
20:45, 11 қараша 2019
«ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...