ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

ЕСІРТКІНІ ЖАСЫРЫН ЖАРНАМАЛАП КЕЛГЕН ГРАФФИТИЛЕР ЖОЙЫЛУДА

20:57, 9 қазан 2019

Қостанайда синтетикалық есірткіні жарнамалушылармен күрес күшейген. Жыл басынан бергі аралықта денсаулыққа зиян улы заттарды баспана қабырғаларында жарнамалап келген 8 қылмыскер жауапқа тартылды. Есірткімен күрес басқармасының мамандары шараға мектеп шәкірттерін де тартуда.

Бұл КЖБИ шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірі. Баспана іргесі түсініксіз жазбаларға толы. Оған тұрғындар да аса мән беріп жатқан жоқ. Бірақ, полицейлердің айтуынша ол жай ғана суреттер емес. Бұл – есірткі сатушылардың улы затты қай жерден сатып алуға болатынын ескерткен жарнамасы.

Жалпы, биыл облысымызда денсаулыққа зиян улы заттарды жарнамалауға қатысты 8 қылмыстық із қозғалды. Мәселен, 9 шілде күні Рудный қаласының 12 жасар жасар тұрғыны есірткі жарнамасымен қолға түсті. Оның ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылып, 12 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қала көшелерін осындай заңсыз жарнамалардан тазалауға мектеп шәкірттері де белсене қатысуда. Олар полицейлердің есірткі бизнесімен күресті күшейтудегі бастамасын толығымен қолдайды.

Мамандардың мәліметінше, облыстық нарколоиялық диспансерінде есірткіге тәуелді 2 мыңнан астам адам есепте тұр. Рейд барысында қала көшелерін синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысатын сайттардың мекенжайлары көрсетілген 40 жуық граффити-суреті жойылды.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК
20:45, 21 қазан 2019
119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...