ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР ФОРУМЫ

20:52, 26 ақпан 2020

Соңғы деректерге зер салсақ, дүние жүзінде 970 миллион халық волонтерлікпен айналысады. Ал, Қазақстанда әрбір сегізінші азамат қоғамға өз еркімен пайдасын тигізіп жүр. Бұл іске көңіл бұрғандардың дені – жастар. Мұқтаж жандарға қамқорлық танытып жүрген Қостанай ауданының еріктілері бүгін Тобыл қаласында өткен «Біз біргеміз» форумында бас қосты.

Көздерінде жалын, сөздерінде арын бар жастар Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназияға жиналды. Оларды біріктіретін бір мүдде – адамдарға көмектесіп, қоғамға пайдалы іс жасау. Форумға белсене атсалысқан жастардың бірі – Назерке Тойкенова. Ол еріктінің ісі еріккендік емес, ерлік деп санайды.

Форумда пікірлестер тәжірибелерімен бөлісіп, маңызды мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады. Сондай-ақ, бүгін қоғам жұмысына араласуға бекінген жастарға салтанатты түрде волонтерлік кітапшалар табыс етілді. «Мұндай жиындар –  жобаларымыз туралы әңгімелесіп, жаңа идеяларды дүниеге әкелудің тамаша мүмкіндігі», - дейді қатысушылар.

Еріктілер қозғалысын насихаттау. Ұйымдастырушылар форумның басты мақсатын осылай түсіндірді. Ал, волонтерлер жылындағы көзделген ең негізгі нәтиже – барлық санаттағы мүдделестер үшін бірыңғай платформа құру. Мемлекет басшысы жүктеген міндетке сәйкес, бұл бастама жай ғана бір реттік науқан емес, одан әрі жалғасуы керек.  

 

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...