ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

20:30, 4 маусым 2020

Төтенше жағдай кезінде қарттар мен мүгедектерге көмектесткен ондаған волонтер алғысқа бөленді. Мұқтаж жандарға қолғабыс көрсеткен ынталы топ өкілдері Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері алғыс хаттарын иеленді.

Олар төтенше жағдай кезінде көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын созды.  Мүгедектер мен жалғыз басты қарттарға үйге дейін азық түлік, дәрі – дәрмектерін  жеткізіп берді. Қиын уақытта ел үшін атқарған игі істері еш ескерусіз қалмады. Волонтерларға дәрігерлердің айтар алғысы шексіз. 

Карантин кезінде барлық еріктілер қауіпсіздік шараларын сақтады. Ынталы топ өкілдері қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілді.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың 16 наурызында еліміздің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген егде жастағы адамдарға дәрі-дәрмектер мен қорғаныш құралдары үйге жеткізілді. Бұл өз кезегінде қауіпті індеттің таралуына тосқауыл болғанын айтады медицина мамандары.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
20:30, 15 шілде 2020
АҚЫН, АУДАРМАШЫ ӘБДІРАХМАН ДОСОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
20:30, 10 шілде 2020
ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСКЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...