ШҰҒЫЛ! АҚПАННАН БАСТАП ЖАРЫҚ ҚҰНЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ Толығырақ

ЕРІКТІ БОЛУ – ЕРЛІК

20:10, 13 қаңтар 2020

Жастар жылының жалғасы - еріктілер жылы болып жарияланғаны жалпыға мәлім. Сондықтан, кіші буын өкілдерінің жұмысы алдағы уақытта арта түспек. Еріктілер қозғалысының мақсаты - парасатты қоғам қалыптастыру. Осы орайда, биыл да жастардың жауапкершілігін арттыра түсу үшін Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ қабырғасында көптің көңілінен шығатын келелі істер көптеп көрініс табуда.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020-шы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Осыған орай Үкіметке аталмыш жылды жоспарға сай жоғары деңгейде өткізу мақсатында тиісті шаралар қабылдау тапсырылды. Республика көлемінде көрініс табатын  «Еріктілер қозғалысынан» қостанайлықтар да қалыс қалмай, өзіндік үн қосып келеді. 

Еріктілік – жастардың белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретін бірден-бір игі шара. Сондықтан, уақытты еріктілікке жұмсау – тұлғалық дамуға құйылған инвестиция екені даусыз.

Қазақ тілінде «ерікті» деген сөзге синоним болатын, балама ретінде «асар» сөзін айтуға болады. Асар – белгілі бір мұқтаж жанға қолдарынан келгенше тегін көмек көрсету мақсатында іске асатын дәстүр. Сондықтан «ерікті» сөзін кейін пайда болған немесе жаңа заманның термині деп қабылдаудың қажеті жоқ. Себебі, қазақ халқында бұл сөздің түбірі баяғыдан бар.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН 121 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
20:36, 27 қаңтар 2020
ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН 121 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ИЕСІЗ ИТТЕР. ҚОРҒАУ КЕРЕК ПЕ, ҚОРҒАНУ КЕРЕК ПЕ?
20:17, 23 қаңтар 2020
ИЕСІЗ ИТТЕР. ҚОРҒАУ КЕРЕК ПЕ, ҚОРҒАНУ КЕРЕК ПЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

12 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
20:10, 23 қаңтар 2020
12 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ
20:35, 22 қаңтар 2020
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ
Толығырақ...