ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ӘР ТҰТЫНУШЫ ӨЗ ҚҰҚЫҒЫН БІЛУІ КЕРЕК

20:04, 6 наурыз 2020

Күнделікті тіршілікте қарапайым тұтынушының құқығына нұқсан келтіретін жайттарды жиі көретініміз жасырын емес. Саудагерлер «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңды елеместен, сатып алушы тауарды кері тапсыруға апарғанда, оларға тиісті ақшасын қайтарғысы жоқ. Осы және басқа да мәселелерге қатысты «Қостанай - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде тұтынушылар құқығын қорғауға бағытталған басқосу өтті. Жиында қозғалған тұрмыстық түйткілдердің шешілу жолдарын тілшіміз тыңдап қайтты.

Нарықтық заманда өндірушілер мен тұтынушылар арасында көптеген мәселелер туындайтыны талассыз. Ақыр соңында, қарапайым тұтынушының құқықтары бұзылып жатады. Осы орайда арнайы заң барын бәрі де білуге тиіс. Заңда көрсетілгендей, өнім сіз үшін қауіпсіз болу керек. Сондай-ақ, сіз тауардың бағасы мен сапасы туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде толық әрі анық ақпарат алуға құқылысыз, - дейді сала мамандары.

Жиында тұтынушылардың білімін жетілдіру бойынша арнайы оқу курстарын ашу туралы ұсыныстар да білдірілді. Себебі, адамдардың көбі өз құқығын қорғауға қабілетсіз. Осы орайда тұрғындарды толыққанды кеңеспен қамтамасыз ететін білікті мамандардың, тәуелсіз сарапшылардың аз екендігін де айрықша айта кеткен жөн.

Тұрмыста тұтынушылар құқығының тиісті деңгейде қорғалмайтынын аңғартатын түрлі жайттар кездеседі. Мысалы, тұтынушы тауар сатып алып, түбіртек талап етпеген. Кейіннен тауардың сапасына көңілі толмай, тапсыруға барғанында тұтынушыда түбіртек  болмағандықтан, өндіруші ақшасын қайтарудан бас тартқан. Сондықтан да, сіз түбіртек талап етуге құқылысыз. Касса маңында осындай мәселелерге де мейлінше мұқият болған жөн,-  дейді мамандар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...