ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ӘР СӨЗІ ЖЫРҒА БЕРГІСІЗ ЖУРНАЛИСТ

20:13, 13 ақпан 2020

Деректі фильм түсірудің шебері. Танымал журналист, бірнеше байқаулардың лауреаты Гүлжібек Бекмұхамедова туралы замандастары осылай дейді. Ол «Қостанай» телеарнасында да көп жылдар еңбек еткен. Қаламгер-журналист бүгін 65 жасқа толып отыр. Осыған орай, Қостанай облысының мемлекеттік архивінде мерейтой иесімен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Гүлжібек Баекеқызы еңбек жылын сонау 1978 жылы Қамысты ауданынан бастаған. Жергілікті газетте алғырлығымен, білімділігімен көзге түсіп, редактордың орынбасары қызметіне тағайындалады. Кейініректе оның қабілет-қарымы телевизия саласында жарқырай көрінді. Оның қаламынан, жүрегінен шыққан туындылар – түрлі хабарлар көзі қарақты көрерменнің жоғары бағасын алды. «Ең бірінші адамды, өмірді, Отанды сүюің керек. Олай болмаған жағдайда журналист бос жүрген адам сияқты» дейді ол.

Әр сөзі жырға бергісіз журналист. Оның жасаған телехабарлары мен деректі фильмдері ешкімді бейжай қалдырмаған. Мерейтой иесін замандастары мен аға буын өкілдері осылай әспеттейді.

Гүлжібек Баекеқызы елуге тарта деректі тележобалардың авторы. 1995 жылы ол түсірген Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетов туралы телеочерк республикалық телефестивальдің жеңімпазы атанды. Телепортрет жанрында түсірілген туындылары бірінен соң бірі мемлекетаралық телеарналар арқылы беріліп жатты. Мұстафа Шоқай, Қаныш Сәтбаев, Бейімбет Майлин және Ілияс Омаров сияқты тұлғалар туралы жасаған деректі дүниелері де оның ерекше табысы деуге болады.

 

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
20:38, 27 ақпан 2020
ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
20:33, 27 ақпан 2020
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
Толығырақ...
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
20:31, 27 ақпан 2020
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...