ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

«ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ: 31 АДАМ ШАҒЫН НЕСИЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ

20:43, 21 тамыз 2019

Кәсіпкер болам деген адамға қазір барлық мүмкіндік бар. Мемлекеттік қолдаудың арқасында жеке ісін ашып, тұрмысын жақсартып отырған Федоров ауданы тұрғындарының пікірі бұл. Биыл ондаған адам кәсіптің көзін тауып, несібесін молайтты. Олар «Бастау бизнес» курсы арқылы іскерліктің қыр-сырын меңгеріп, шағын несиемен қамтылды.

Федоров ауданындағы Цабелев ауылының тұрғыны Татьяна Лукьянец  мал шаруашылығымен айналысып, кәсібін дөңгелетіп отырған азаматшалардың бірі.  Әсіресе, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы  төл өсіремін деген ағайынға мол мүмкіндік  беріп отыр дейді ол. Сондықтан Татьяна «бастау бизнес» курсында кәсіпкерлік негіздер бойынша білімін жетілдіріп, жеңілдетілген  несие алған.

Биылғы қуаңшылық жылында мал азығы қорын әзірлеп қою да оңай іс емес. Қыстан қысылмай шығу үшін  шаруа  шөп шабу жұмыстарына қызу кіріскен.  Жалпы, ауылдықтардың дені түлік санын көбейтуге ынталы. Себебі кәсіптің бұл түрі тиімді дейді. Биыл Федоров ауданы бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 31 адамның жобасы мақұлданып,  шағын несие берілді.

Қызмет көрсету саласы да ауылда даму үстінде. Өйткені, сұраныс бар. Ендгісі бизнесті сауатты жүргізу.Жеке ісін бастағысы келген азаматтар үшін гранттық қаржыландыру ұсынылды. Ольга Гинкота бүгінде мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнес вуменге айналып отыр. 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алып, ауылда сән салонын ашып алды.

Айдың аяғына дейін ауданда 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 17 грант ұсынылады.  Белгіленген ережеге сай қайтарымсыз қаржымен тек  29 жасқа дейінгі жастар мен көпбалалы аналар қамтамасыз ете алады. Бүгінгі күні өтініштер қаралуда. Мемлекет қолдаудың  арқасында тұрғындар  тұрмыстарының оңалғанын зор қуанышпен айтады.

Тақырып бойынша материалдар

119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК
20:45, 21 қазан 2019
119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...