ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

20:44, 8 қараша 2019

Бүгінде өңірімізде «Еңбек» бағдарламасы арқылы шағын несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп жүрген азаматтар жетерлік. Солардың ішінде Федоров кентінің тұрғындары да бар. Өзінің бизнес жоспарын қорғап, үкіметтен шағын несие алған азаматтар бүгінде жеке кәсіпкерге айналған.

Федоров кентінің тұрғыны Вадим Павленко да мал шаруашылығымен жастайынан айналысқан жандардың бірі.Шаруа төрт түліктен енетін кіріс ауыл тұрғындары үшін тұрақты табыс көзі. Сондықтан, үкіметтің бұл салаға көрсетіп отырған қолдауын тиімді пайдалана білу қажет деп есептейді.

Мемлекеттен қаралған осындай көмектің арқасында аудан тұрғындарының жеке кәсібін ашып,тұрмыстарын жақсартуына мүмкіндік молайған. Тек биылғы жылдың өзінде осы ауданның 41 тұрғынына 112 миллион теңге несие берілген.Олардың көбі бұрын жұмыс істеп тұрған бизнестерін дамытқан,ал, 28 адам жеке кәсібін ашқан.

Мамандардың айтуы бойынша, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын орындау үшін Федоров ауданына биыл 168 миллион 713 мың теңге бөлінген. Қазіргі таңда 143 миллион 160 мың теңге игеріліп,тұрғындарға шағын несие ретінде таратылды. Мұны игеруге тұрғындардан 51 сұраныс түскен.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...