ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 24 КӘСІПКЕР ГРАНД АЛДЫ

20:30, 29 шілде 2020

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының халықтың тұрмысын жақсартуға тигізіп отырған игі әсері мол. Биыл облыс орталығында үш мыңнан артық адам осы бағдарлама арқылы түрлі жұмыстарға орналасқан.

Тұрмысын жақсартуға талпынған жандарға сүйеніш болған бұл бағдарлама-мемлекет басшысының  тапсырмасы  бойынша жүзеге асуда.  Өздеріне көрсетіліп отырған осы  жәрдемді пайдалануды көздеп, Қостанай қалалық жұмыспен қамту орталығына екі қолға бір күрек кәсіп іздеп келушілер көп. Қазірдің өзінде осы мемлекеттік бағдарламалар арқылы олардың біразының әлеуметтік проблемалары  өз шешімін тауыпты.

Қазір елімізде тұрғындарға   әлеуметтік төлемақы тағайындаудың жаңа түрлері қалыптасты. Оның бірі тұрмысы төмен отбасыларға  берілетін атаулы әлеуметтік көмек. Өткен жылы еліміз бойынша   485 мың  отбасына  атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын. Осы арқылы  екі  жарым миллиондай адам  мемлекеттік бағдарлама бойынша нақты әлеуметтік қолдауға қолдау  ие болған еді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасуда.

Мемлекет халықтың әлеуметтік  жағдайын жақсарту  үшін  бірнеше  үкімет  бағдарламалары арқылы  көмек  көрсетуде. Осы  жәрдемнің арқасында тұрмысымыз тұрақтанатындығына сенеміз-,дейді  тұрғындар.

 Қабылахат Сейдахмет

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...