ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ СӘТТІ ОРЫНДАЛЫП КЕЛЕДІ

20:30, 28 шілде 2020

«Еңбек» бағдарламасына қатысып, мемлекет көмегін сезінген азаматтар аймақта аз емес. Былтыр бағдарлама арқылы ондаған іскер азамт өз жобаларын сәтті іске асырды. Ал биыл 400- дей жоба қолдауға ие болмақ. Кәсіпті нәсіп еткендерге 584 шағын несие беріледі. Сондай-ақ, «Бастау- бизнес» жобасы аясында осы күнге дейін 200- дей адам кәсіпкерлік білімдерін жетілдірді.

Еңбек бағдарламасын іске асыруға биыл 9 млрд теңге бөлінді.  Жылдық жоспар-30 мың адамды жұмыспен қамту.  Осы күнге  дейін  өңірлік орталықтарға  жұмыс сұрап барған 14  мың тұрғын   қос қолға бір күрек тапты. Алғашқы алты айды  қорытындылаған мамандар жұмыссыздықпен күрес күшейе түскенін  жеткізді. 

Еңбек бағдарламасы  кәсіпкерліктің өрісін кеңейтіп  отыр.  Биыл  істің көзін тапқан азаматтарға 584 жеңілдетілген шағын несие беріледі. Оның  шарттарына келер  болсақ. Жылдық үстемақы - 6 пайыз. Бизнес бастамалардың дені мал шаруашылығы мен  қызмет көрсету салаларын дамытуға бағытталған.

«Жұмыспен қамту жол картасы»  еңбек нарығындағы жағдайды жақсартуға бағытталған тағы бір бастама. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді. Биыл  осы бағыт арқылы 284 жоба жүзеге асады.  53 , 7 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде 14 мың жұмыс орны  ашылады. Оның  тең жартысы жергілікті еңбекпен қамту орталықтары арқылы еңбекке араласады. Бүгінгі күні 4  мың адам құрылыс және жөндеу  жұмыстарына тартылды. Жалпы , қазір өңірдегі  жұмыссыдық деңгейі 4,8 пайызға тең. Қолға алынған кешенді шаралар  бұл көрсеткішті  жақсартуға септігін тигізбек.        

 Инара Барсақбаева

 

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...