ШҰҒЫЛ! АҚПАННАН БАСТАП ЖАРЫҚ ҚҰНЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ Толығырақ

ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІ - ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

20:41, 5 желтоқсан 2019

Адамды адам еткен - еңбек! Ол - дәуірлер бойы дәлелденіп келе жатқан дүние. Ердің елге танылуы да сол еңбектің арқасы. Оның айғағы - қазіргі қоғамда өзіндік орны бар шаруақор жандар. Ұзақ жылдар бойы еткен ерен еңбегінің жемісін көріп, жас ұрпаққа үлгі болып отырған Тобыл-Торғай өңірінің тау тұлғаларының бірі – Фазылхан Мауданов. Сексеннің сеңгіріне шыққан еңбек ардагерінің өнегеге толы өмір жолы жайлы келесі бейнематириалдан кеңірек біле аласыздар.

Фазылхан Мауданов – Жангелдин ауданы Көкалат ауылының тумасы. Ол 1939-шы жылы осы елді мекенде өмірге келіп, 1956- жылы 10 жылдық мектепті бітірген. 17 жастан бастап еңбекке араласқан ақсақал 1956-жылдан 2005- жылға дейін 49 жыл бойы пошташы болып еңбек еткен. Бір қызметте табан аудармай жарты ғасырға жуық тер төккен тау тұлға  көне радиостанциядан қазіргі қалталы телефондарға дейінгі қиындыққа толы хабар тарату кезеңін бастан өткерген.

Ерінің ерен еңбегін елі ешқашан елеусіз қалдырмайды. Осы ретте Фазылхан Маудановтың да омырауы орден-мадальдарға толы. Атап айтар болсақ, ол - «Еңбек Қызыл ту», «Еңбек ардагері», «Еңбек үздігі» тәрізді төсбелгілердің заңды иегері. Кейіпкеріміздің биыл жары Биғайша әжеймен отау құрғанына - 60 жыл. Бір ауылда тұрып, бір қызметте істеген еңбер ардагерлері - 11 баланың тірегі. Алтын құрсақты ана отағасының жұмыста жауапты басшы болғанын еске алады.

80-нің сеңгіріне шықса да, қазыналы қарттарымыздың қимылы - ширақ, санасы - сергек. Фазылхан атай қолынан қара домбырасын тастамайды. Зейнетте болса да зейіні мықты. Тебірене терме орындайды, сал-серілер мен халық әндерін нақышына келтіріп шырқайды.

Ал, Биғайша әжей болса, қалалық қолайсыздыққа қарамастан ас үйінде ауылдың иісін аңқытады. Күбі пісіп, дәмі тіл үйірер көже баптайды. Сусыны сарқылмаған сары күбі еңбек ардагерлерінің ерлі-зайыпты атанған сәттерінен бері 60 жыл бірге жасасып келеді. Оны мен енемнің көзіндей көрем, - дейді отанасы.           

Құстың қос қанатындай болған Фазылхан атай мен Биғайша әжейді Тобыл-Торғай өңірінің тұрғындары түгел біледі. Құр Қостанай облысына ғана емес, есімдері тұтас елге танылса да еш артықтық етпейді. Қазыналы қариялар қандай құрмет-қошеметке болса да әбден лайық. Себебі, олар – ел ертеңі үшін тер төккен Еңбек ардагерлері!

Тақырып бойынша материалдар

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН 121 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
20:36, 27 қаңтар 2020
ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН 121 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ИЕСІЗ ИТТЕР. ҚОРҒАУ КЕРЕК ПЕ, ҚОРҒАНУ КЕРЕК ПЕ?
20:17, 23 қаңтар 2020
ИЕСІЗ ИТТЕР. ҚОРҒАУ КЕРЕК ПЕ, ҚОРҒАНУ КЕРЕК ПЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

12 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
20:10, 23 қаңтар 2020
12 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ
20:35, 22 қаңтар 2020
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ
Толығырақ...