ШҰҒЫЛ! Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар (Толық нұсқа) Толығырақ

Әлеуметтік саланы қолдау артпақ

19:47, 11 қыркүйек 2017

Астана қаласында биыл алғаш рет әлеуметтік кызметкерлердің форумы өткізілмек. Мақсат - әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеру, біліктілігін арттыру, кадр мәселесін шешу. Өйткені, соңғы кездері оларға деген сұраныс артып келеді. Елімізде әлеуметтік жүйенің жұмысын жетілдіруде кешенді істер атқарылмақ. Бұл туралы Облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы мәлім етті.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту- елдің әлеуметтік саласының басты міндетері болып табылады. Соңғы жылдары бұл саланы дамытуға  бюджеттен көп қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын жетілдіруге баса көңіл бөлінуде.

Бұл мәселелер Астана қаласында алғаш рет өткізілетін  әлеуметтік қызметкерлердің форумында көтерілмек. Аталмыш іс шара биылғы жылдың  22 қыркүйегіне жоспарланған.  Ондағы мақсат - әлеуметтік қызметкерлердің рөлін күшейту,  халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту.

Бүгінде әлеуметтік саланың дамуына үкіметтік емес ұйымдар да өз үлестерін қосуда. Мемлекеттік тапсырыстар аясында игілікті жобаларды жүзеге асыруда. Соның басым көпшілгі мүмкіндігі шектеулі балғындарды  қоғамда бейімдеуге арналған. Статистикалық мәліметке сүйенсек, облыста 2 мыңдай мүгедек бала бар. Солардың 50-ден астамының жүйке жүйесі зақымданған. Мұндай балғындар үнемі күтімді қажет етеді.  Осы орайда  «Амалия» қоғамдық бірлестігі ем дом қызметтерін ұсынуда.

Осындай бөлімшелер   олардың физиологиялық қабілетін, ақыл –ойын дамытуға ықпал етпек. Ведомства қызметкерлері, көп ұзамай балалардың денсаулығын жақсартуға негізделген мұндай орталықтардың саны көбейетінін айтады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Қоғамдық қабылдау: Заңгер кеңес береді
20:33, 19 қаңтар 2018
Қоғамдық қабылдау: Заңгер кеңес береді
Толығырақ...
Бүгін Амангелді ауданының құрылғанына 90 жыл!
14:17, 17 қаңтар 2018
Бүгін Амангелді ауданының құрылғанына 90 жыл!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ұстаздар жалақысын көтеруге 3 млрд. теңге бөлінеді
20:30, 17 қаңтар 2018
Ұстаздар жалақысын көтеруге 3 млрд. теңге бөлінеді
Толығырақ...
Жолдау жүктеген міндеттер: Облыс активінің отырысы өтті
20:30, 16 қаңтар 2018
Жолдау жүктеген міндеттер: Облыс активінің отырысы өтті
Толығырақ...
Спортшыларға қосымша төлемақы тағайындалды
20:32, 15 қаңтар 2018
Спортшыларға қосымша төлемақы тағайындалды
Толығырақ...